Дәрігерлер темір жұтып қойған сәбиді аман алып қалды  
Дәрігерлер темір жұтып қойған сәбиді аман алып қалды  
5,202
оқылды

Бұл туралы Облыстық медициналық жедел жәрдем стансасының мамандары хабарлады.

Дәрігерлердің айтуынша, сәби киімнің темір сырмасын жұтып, қақалып қалған. Тынысы тарылып, тұншыға бастаған баланың ата-анасы жедел жәрдем шақырған. 9 минутта жеткен жедел жәрдем қызметкерлері сәбидің тамағынан темірді лезде шығарып алады. Сәбиді жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізді. Нәрестенің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы қызметкерлері жыл басынан әртүрлі зат жұтып қойған 1330 сәбиді құтқарған. Бір қызығы, 600-ге жуық ересек адамдар да дәрігерлердің көмегіне жүгінген.