10 желтоқсан күні сағат 18.00-де елімізде алдағы Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауына байланысты үгіт-насихат жұмыстары басталды. Осы орайда, «Nur Otan» партиясы «Есіктен-есікке» акциясын қолға алып, саяси науқанды жанды форматта жүзеге асырып жатыр.
13 желтоқсан күні Түпқараған ауданында дәл осы акция аясында ауыл халқымен жүзбе-жүз кездесулер өтті. «Nur Otan» партиясының Түпқараған сайлауалды штабының басшысы Светлана Жолдасова және штаб мүшелері 11 мыңнан астам халқы бар Ақшұқыр ауылы 2 және 5-ші квартал тұрғындарының шаңырағына арнайы барды. Партия Төрағасы Елбасымыздың ел тәуелсіздігін сақтап, дамыған елдердің қатарына қосылуы жолында еткен ерен еңбегін айтып, бейбіт тіршілігіміз сол кісінің арқасы екенін жеткізді. Түпқараған ауданын экономикалық-әлеуметтік жағынан дамыту бағытындағы сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. «Nur Otan» партиясы еліміздің бүгінгі жеткен жетістіктерін жалғастыруға мүдделі саяси институт екенін айтып, тұрғындардан өздерін мазалаған мәселелері жөнінде сұрады.
Ауыл халқы да өз тарапынан алғыс білдіріп, үйме-үй аралап, ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізіп жүрген азаматтарға алғысын жеткізді. Сайлауға белсенді қатысуға сөз беріп, халық үшін қызмет ететін азаматтарды таңдайтынын айтты.
«Nur Otan» партиясының Түпқарған аудандық сайлау қоры қаражатынан төленді.