Ұшақтан ауруханаға жеткізілген сәби көз жұмды
Ұшақтан ауруханаға жеткізілген сәби көз жұмды
157
оқылды

Бұл туралы Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

«Сәби өте ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Ал 2 желтоқсан күні қайтыс болды. Дәрігерлер баланы құтқара алмады. Баланың ата-анасы Оралда тұрады» делінген Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ресми хабарламасында.

Еске сала кетейік, 30 қарашада Ақтаудан Түркияға ұшып шыққан ұшақ әуежайға қайта қонды. SCAT әуекомпаниясының қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Виктория Старожилованың айтуынша, ұшақта болған кішкентай баланың халі нашар болған.