«Еліміздің ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күнімен баршаңызды құттықтаймын. Бүгінгі заманауи үлгіде салынатын 500 орындық 3 жатақхананың жобасымен таныстық. Жатақхана құрылысы жоспарланған уақытта аяқталып, студенттер жаңа қоныстарына жайғасатын болады. Облыс басшылығы тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіледі», – деді іс-шарада сөз алған Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сәбитов.Жатақханада студенттердің жайлы тұруы, оқуы, демалуы үшін барлық жағдай жасалады. Жатақханада студенттердің бос уақытын тиімді пайдалану үшін демалыс алаңдарымен, Workout спорт алаңымен, автокөлік және велосипед тұрақтарымен жабдықталатын болады. Жатақханада тренажер залы, соның ішінде балалар залы, кафе, Жастар орталығы, сауда үй-жайы, асхана және сұлулық салоны, 140 орындық қонақ үй, супермаркет, стоматология, сауда орындары орналасатын болады. Студенттік тұрғын үй кешенінде студенттерге, отбасылық жұптарға және әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған топтарға арналған аймақ салу жоспарда бар.
«Кейінгі екі жылдың ішінде еліміздің барлық аймағында жатақханалар салу ісі қолға алынып жатыр. Бүгін Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Түркістан қаласында Ахмет Ясауи университетінің жастарына арналған еңселі, 1 500 орындық жатақхананың іргетасы қаланды. Елбасымыз Н.Назарбаевқа, Президентіміз Қ.Тоқаевқа, облыс басшылығына алғысымыз шексіз. Заманауи үлгіде бой көтеретін жаңа жатақхананың салынуы университетіміз үшін тарихи сәт», – деді университет ректоры Болатбек Абдрасилов.Инвестор, Alem Trust Construction ЖШС директоры Асқар Құрбанов жаңа жатақхананың еліміздегі ең үлкен жатақханалардың бірі болатынын айтып, құрылысымен таныстырды.
Тельман БЕЙСЕНОВ,
Түркістан облысы