Интернетте DAZN стриминг сервисінің «Параллельные миры» атты деректі фильмінің тизері жарияланды.
Деректі фильмде бокстан орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен "Ювентус" пен Португалия құрамасының футболшысы Криштиану Роналду туралы баяндалады. Олар бір-бірінің жаттығу әдісін зерттейді.
Фильмде Головкин Роналдудан "Сен боксшы бола алар ма едің?" деп сұрайды.
«Мен бұлай ойламаймын. Өмірдегі жағдайлар сенің мінезіңе, тұлға болып қалыптасуыңа әсер етеді. Біз өмірге бай адам болып келген жоқпыз, қарапайым адамбыз. Сондықтан өмір үшін күресуге туралы келді», – деді футболшы.
Осы орайда Геннадий Головкин португалиялық спортшыға қалай жұдырықтасу керегін үйретті:
«Сен тепе-теңдікті, таймингті, арақашықтықты сезінуің керек», – деді ол.
Сонымен қатар, спортшылар адамгершілік туралы да пікір алмасты:
«Менің ойымша, эмоционалды адам болу жақсы. Ер адамдар жыламайды деп кім айтты? Мен үшін жақсы адам болу маңызды», – деді Роналду.«Егер сен өмірде адам болып қалсаң, мұның өзі де жақсы», – дейді Головкин.
Айта кетейік, 2019 жылдың желтоқсанында қос спортшы DAZN сервисі үшін бірлескен жобаны қолға алатынын хабарлаған еді. Алайда оның қандай жоба екені хабарланған жоқ.
https://youtu.be/SYbPe0YIMjY