Көпбалалы отбасылар баспана кілтін алды
Көпбалалы отбасылар баспана кілтін алды
175
оқылды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні қарсаңында көпбалалы отбасылар «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында баспаналы болды.

Ауданда 8 отбасы үйлі болды. Аудан әкімі ­Қ.Байғонысов барлығына кілт тапсырып, осы атаулы күнмен құттықтады.

– Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде азаматтарды әлеуметтік қолдау үшін бірқатар мемлекеттік бағдарлама іске асырылады. Елбасы Н.Назарбаев және Президент Қ.Тоқаев тұрғындардың тұрмысын жақсартуға ерекше көңіл бөледі. Мереке күні жаңа баспананы пайдалануға бердік», – деді әкім.

– Қуанышымызда шек жоқ. Өз үйіміз болса деп армандап едік. Осындай қуанышты оқиғалар көбейе берсін! Осындай мереке қарсаңында баспана алғанымызға қуаныштымыз. Ол ең алдымен Елбасымыз Н. Назарбаевтың саясатының арқасы, осының барлығына мемлекет көмектесті. Еліміздің Президенті Қ. Тоқаевқа, облыс әкімі Д.Ахметовке және аудан әкімі Қ. Байғонысовқа көп рақмет, – деді баспаналы болған тұрғын.    width=  width= Барлық үйлер «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынды. Аудан кәсіпкерлері үйді жеке қаражатына салады. Дайын баспананы мемлекет сатып алады.

Келесі жылы ауданда тағы 40 үй тұрғызу жоспарлануда.