Атырауда Land Rover жүргізушісі 1,4 миллион теңгеге жол ережесін бұзған
Атырауда Land Rover жүргізушісі 1,4 миллион теңгеге жол ережесін бұзған
217
оқылды

Атырауда полиция қызметкерлері 1,4 миллион теңгеге 51 рет жол ережесін бұзған Land Rover жүргізушісін ұстады, деп хабарлайды  «Мой город» порталы.

Атырау облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс орталығындағы Жарбосынов-Тайманов көшелерінің қиылысында тәртіп сақшылары Land Rover көлігін байқаған.

 Автоинспекторлар жүргізушіні тоқтатқан кезде ол талапты орындамай, оқиға орнынан із суытуға әрекет жасаған. Күдікті бұл ойын жүзеге асыра алмаған. Тексеру барысында 33 жастағы жүргізуші жалпы сомасы 1,4 миллион теңгеге 51 рет жол ережесін бұзғаны анықталды. Ол айыппұлдарды төлемей жүрген, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, күдіктіге қатысты тағы 4 әкімшілік хаттама толтырылды: тоқтату туралы талапты орындамау, жалған мемлекеттік нөмір орнату, көлік жүргізу құқығынан айырылса да автокөлік жүргізу, сонымен қатар, көлік терезесін "қараңғылағаны" (тонировка) үшін. Бұл іске қатысты материал сотқа жолданып, Land Rover айып тұрағына қойылды.