Екі айда 50 млн адамға коронавирус вакцинасы салынады
Екі айда 50 млн адамға коронавирус вакцинасы салынады
5,167
оқылды
Қытайда алдағы екі айда 50 миллионға жуық адамға коронавирус екпесі салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл науқан жаңажылдық каникул алдында көбірек адамды вакциналау үшін жасалып отыр. Ай күнтізбесі бойынша жаңа жыл 2021 жылғы ақпан айының екінші онкүндігінде басталады. Айта кетейік, жаңажылдық демалыс кезінде Қытай халқы ел ішінде көп саяхаттайды, бір-біріне қонаққа барады. Қытайда Sinopharm Sinovac Biotech Ltd компаниясының 100 млн доза вакцинасы ел аумағына таратылады. Бірінші кезекте белгілі бір топқа жататын азаматтар екпе алады. Олар - медицина қызметкерлері, өрт сөндірушілер, полиция мен кеден қызметкерлері, көлік-логистика компаниясының жұмысшылары. Вакцинаның алғашқы дозасын - 2021 жылдың 15 қаңтарына дейін, ал келесісін - 5 ақпанға дейін алу керек. Еске сала кетейік, өткен аптада Шыңжан Ұғыр автономя ауданының Турфан қаласында коронавирустың симптомсыз түрін жұқтырған үш адам анықталды. Осыған байланысты Тұрфан әкімшілігі тиісті шараларды қолға алды.