Шығыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігері жаңа қаулы жариялаған болатын. Соған сәйкес облыста карантиндік шаралар 4 қаңтарға дейін ұзартылды.
Бірақ соған қарамастан мейрамханаларға Жаңа жыл қарсаңында жұмыс істеуге рұқсат етілді.
«Көпшілік, жаңа жылдық, ұжымдық (корпоративтік) іс-шаралар, конкурстар (интерактивті іс-шаралардан басқа), би кешін өткізбей (өз үстелінен шықпай) бір үстелге 4-6 адамнан аспайтын мөлшерде отырғызып, көршілес үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, адам саны 50%-дан аспауы тиіс. Сонда ғана 2020 жылғы 31 желтоқсаннан 2021 жылғы 01 қаңтарға қараған түні қоғамдық тамақтандыру объектілеріне сағат 07.00-ден 04.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілсін. 2021 жылғы 02 қаңтарда қоғамдық тамақтандыру объектілері үшін бұрын белгіленген жұмыс режимі сағат 07.00-ден 24.00-ге дейін сақталады, 2021 жылғы 03 қаңтарда көрсетілген объектілердің жұмысы тоқтатылады», – делінген қаулыда.
Сонымен бірге, жексенбіні қоспағанда, басқа күндері қоғамдық тамақтандыру мекемелеріне сағат 07.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.