Биылғы 21 желтоқсанда астрономдар мен жұлдызды аспанды сүйетіндер сирек кездесетін құбылысты – Сатурн мен Юпитердің «ұлы қосылуын» тамашалай алады. Бұл туралы Aikyn.kzҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Мәскеу планетарийінде айтылған мәліметке қарағанда, бұл астрономиялық құбылыс соңғы рет жерден 794 жыл бұрын байқалған.
Астрологтардың болжамынша, бұл құбылыс кешкі уақытта, шамамен 21.12.2020 жылы сағат 21:21-те көрінуі ықтимал.
Сатурн мен Юпитер жарқын қос жұлдызға ұқсауы тиіс. Кейбір астрономдар Вифлеем жұлдызы туралы библиялық аңызда дәл осы екі планетаның бірігуі айтылатынын жоққа шығармайды.
Юпитер – диаметрі 143,000 шақырым болатын Күн жүйесіндегі ең үлкен және Венерадан кейінгі жарық екінші планета, Сатурнға шамамен 20 жылда бір рет жақындайды. Бірақ екі алыптың жақындасуы бұл жолы бірнеше ғасырда бір рет болады. «Менің ойымша, мұндай оқиға адам өмірінде бір-ақ рет болуы мүмкін. Бұл – сирек әрі ерекше құбылыс», – деп атап өтті Вандербильт университетінің (АҚШ) астрономия профессоры Дэвид Вейнтрауб.
Астрономдар әуесқой телескоптың көмегімен жақын планеталарды ғана емес, олардың кейбір серіктерін де көруге болады деп уәде береді. Ауа райы мүмкіндік берсе, оларды Күн батқаннан кейін бірден көруге болады. Егер 21 желтоқсанда ауа райы қолайсыз болса, онда сіз кейінірек қайталап көре аласыз: Юпитер мен Сатурн тағы бірнеше күн жақын қашықтықта болады.
Сарапшылар бұл астрономиялық құбылыстың мәнін Күн айналасындағы планеталардың түрлі айналу жылдамдығымен түсіндіреді.