Хакерлер экономикаға 1 трлн доллар шығын келтірді
Хакерлер экономикаға 1 трлн доллар шығын келтірді
288
оқылды
Киберқылмыстар салдарынан дүниежүзілік экономикаға келген шығын көбейді. Киберқылмыстар салдарынан дүниежүзілік экономикаға келген шығын мен киберқылмыстардан сақтануға кеткен қаржы биыл 1 триллион доллардан асты. Екі жыл бұрын бұл сома шамамен 600 млрд долларды құраған. Бұл туралы McAfee вирусқа қарсы бағдарламалық жасақтама компаниясы мен Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының (CSIS) бірлескен есебінде айтылған. Әлем бойынша ел үкіметтері мен компаниялар хакерлік шабуылдардан шамамен 945 млрд доллар, ал киберқауіпсіздікке қосымша шығындар үшін тағы 145 млрд доллар жоғалтқан. Пандемия кезінде адамдардың интернеттегі белсенділіктері едәуір артты, бұл қылмыскерлерге де көп мүмкіндік берген.