«Nur Otan» Түркістан облысының ауыл шаруашылығына қолдауды күшейтеді

«Nur Otan» Түркістан облысының ауыл шаруашылығына қолдауды күшейтеді

«Nur Otan» партиясы атынан облыстық мәслихатына үміткер республикалық және облыстық саяси кеңес мүшесі, Мақтарал ауданының құрметті азаматы Нұралы Әбішев, Тимур Қырықбаев, Талғат Қаржауов, Шералы Қаныбеков, Ербол Ералиев және «Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әділхан Асауов Жетісай ауданына қарасты Мақталы және Ғ.Мұратбаев елді мекенінің тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында тұрғындар үміткерлерге сайлауалды бағдарлама аясында сұрақтар қойып, алдағы уақытта өтетін сайлауда партиямызды қолдайтынын айтып ақсақалдар өз батасын берді. «Nur Otan» партиясы  облыс тұрғындарының табысын арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздеп отыр. Өйткені облыс халқының 80 пайызы ауылдық жерлерде тұрады. Оның үстіне облысымызда 71,8 мың шаруа қожалығы тіркелген. Яғни,  республикадағы үлесі 33 пайызды құрайды. Онда 177,5 мың ауыл шаруашылығы жұмысшылары қызмет атқаруда. Осы жайттарға кеңінен тоқталған штаб мүшелері ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 12,2 млрд.теңге  инвестиция тартылып, 7,1 пайызға артқанын жеткізді. Сондай-ақ, тамақ өндірісіне 2,1 млрд.теңге инвестиция салынып отырғанын да тілге тиек етті. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу бағасын тұрақтандыруды қамтамасыз ету мақсатында «2020 жылғы көктемгі егіс және егін жинау» пилоттық жобасын іске асыруға Үкімет резервінен 1,6 млрд. теңге бөлініп, қырыққабат егіп шығынға батқан шаруаларға 0,01 пайыз мөлшерінде жеңілдетілген несие ұсынылған болатын. Соның нәтижесінде шаруалардың  екінші өнім алуына жағдай жасалды. Бұдан бөлек, «Егіс алаңынан – сауда қатарына дейін» пилоттық жобасы іске асырылды.  Бұған Үкіметтік резервтен 1 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаржы ірі сауда үйлеріне несие ретінде беріліп, тікелей 10 түрлі өнімді өндірушілерден сатып алып, тұтынушыға ұсынуды қамтамасыз етуде. Қазіргі таңда пилоттық жобасына қатысатын ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер саны 213-ке, ал ауыл шаруашылығы өнімдері жалпы көлемі 98 мыңнан астам тоннаны  құрап отыр.  Бүгінгі күні тұрақтандыру қорында 1,9 мың тоннаға жуық тауар бар (ұн, пияз, қант, күріш, макарон). Қосымша жалпы сомасы 2,9 мың тонна тауар сатып алынбақ (картоп, сәбіз, қырыққабат, күріш, қарақұмық, күнбағыс майы, күнбағыс, макарон). Әлеуметтік дүкендерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) 19 түрі сатылымда. Қазіргі таңда бағаларды тұрақтандыру бойынша осы тауарлардың көлемін ұлғайту жөнінде нақты шаралар қабылданды. «Nur Otan» партиясы Түркістан облысы бойынша ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту міндетін қойып отыр. Бұл үшін 2025 жылға қарай ауылшаруашылық айналымға тартылған ауылшаруашылық жерлерінің үлесін 3,9 пайызға  немесе 145,5 мың гектарға  дейін арттыруға (оның ішінде 12,5 мың гектар жалпы егістік, 133 мың гектар  жайылым жерлері); Ауыспалы егістің көлемін 2021-2025 жылдары 173,3 мың гектарға,  206,3 мың гектарға  дейін, минералды тыңайтқыштардың көлемін 95 мың тоннадан 120 мың тоннаға  арттыру көзделуде. Сонымен қатар, Түркістан қаласының айналасында 11 мың гектар  жерде азық-түлік белдеуін құру үшін 116 мың гектар  жерге агроөнеркәсіптік кешенге жаңбырлатып суару технологиясын енгізуге,  Арыс-Түркістан магистральды каналын толтыру үшін Сырдария өзенінен машиналық каналын салуға күш салынбақ.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі.

 «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық Сайлау қорының қаражатынан төленді.