Шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталды
Шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталды
122
оқылды

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

20 желтоқсанда Қазақстанға Германия, Италия, Мальдив, Мысыр, Түркия, БАӘ, Армения, Украина, Ресей, Беларусь және Қырғызстаннан 20 халықаралық әуе рейсі ұшып келді. Комитеттің мәліметінше, елімізге шетелден 2 824 жолаушы келген. Оның 2 461-інде ПТР-тесттің теріс нәтижесі бар анықтама болған. Анықтамасыз 363 жолаушы ұшып келген.

Оның ішінде:

– Алматы қаласының әуежайына – барлығы 10 рейс, 1 633 жолаушы келді, анықтамамен – 1 490, анықтамасыз – 143; – Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 142 жолаушы, анықтамамен – 922; анықтамасыз – 220; – Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 31 жолаушы анықтамамен келді; – Өскемен қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 18 жолаушы анықтамамен келді. Анықтамасы жоқ азаматтар COVID-19-ға ПТР тест тапсырды.

Ал 19 желтоқсанда анықтамасыз келген Қазақстанның 237 азаматының ПТР тест нәтижесі белгілі болды. 3 жолаушыдан коронавирус анықталды. 2 жолаушы Минсктен, біреуі Франкфуркттен Нұр-Сұлтанға келген.