Қазақстанда «Спутник V» вакцинасы өндіріле бастады
Қазақстанда «Спутник V» вакцинасы өндіріле бастады
151
оқылды

Премьер-Министр «Спутник V» вакцинасын өндіру барысымен танысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путиннің арасындағы уағдаластықты іске асыру аясында кезең-кезеңімен 2 миллион доза вакцина өндіріледі.

«Спутник V»-ны жаппай егу 2021 жылы ақпан айында басталады. Вакцина ерікті түрде медицина қызметкерлері, студенттер, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне егіледі», – деді Асқар Мамин.

Коронавирусқа қарсы вакцина 65 жастан асқан, жүрек-қан тамыры ауруы, қант диабеті және созылмалы өкпе аурулары бар адамдарға салынады.