Экс-әкім Алматы әуежайы маңындағы жер телімдерін заңсыз сату ісінде күдікке ілінді
Экс-әкім Алматы әуежайы маңындағы жер телімдерін заңсыз сату ісінде күдікке ілінді
519
оқылды
Алматы облысы Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінің бұрынғы әкімі Нұрғали Аппазов Алматы халықаралық әуежайы маңындағы санитарлық-қорғаныс және күзету аймағына жататын жер телімдерін жеке қосалқы шаруашылық ретінде заңсыз бөлу фактілеріне қатысы бар деп күдікке ілінді. Бұл туралы жер құқығы бойынша адвокат Бақытжан Базарбек Facebook-тегі парақшасында жазды, – деп хабарлайды zakon.kz. – Бізде Панфилов ауылдық округінің әкімі болып тұрғанда Аппазовтың Алматы халықаралық әуежайы маңындағы Қызылту және Әлмерек ауылдарындағы санитарлық-қорғаныс аймағына жататын жер телімдерін жеке қосалқы шаруашылық есебінде бөлуге, сондай-ақ Жер кодексін, заңдарды, санитарлық, құрылыс, экологиялық және авиациялық нормалар мен ережелердің талаптарын бұза отырып, шаруа қожалығы ретінде бөлінген жер телімдерінің нысаналы мақсатын жеке қосалқы шаруашылық және коммерциялық мұқтаждықтар үшін деп өзгертуге де қатысты белгілері бар материалдар бар. Аппазовтың Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінің су қорғау белдеуінде және өзендер мен каналдарды суару жүйесінде орналасқан жер телімдерін де жекеменшікке беруге қатысы барын айғақтайтын белгілер бар, – деп жазады Бақытжан Базарбек. Оның айтуынша, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бұрынғы басшылары, Талғар ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі және Талғар ауданының жер кадастры бөлімінің бұрынғы басшыларына да кезек келеді. Олар да жазадан сытылып кете алмайды. Айта кетсек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы облысында Іле ауданы Байсерке ауылдық округінің бұрынғы әкімі мен әкімдіктің лауазымды тұлғаларының Жаңадәуір ауылындағы 10 га жер учаскесінің нысаналы мақсатын шаруа қожалығынан жеке қосалқы шаруашылыққа заңсыз өзгертуге қатыстылығы тексеруде. Аталған аймақта Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінің бұрынғы әкімі санаторийлік, су қорғау аймақтары мен ирригациялық желілерде жер учаскелерін бөлу кезінде қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды деп күдіктелуде. Ағымдағы жылдың 24 қаңтарында күдіктіге қатысты күзетпен ұстау санкцияланды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Олардың кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады. Бұған дейін хабарланғандай, мемлекеттік қызмет туралы Заңға бағыныштылардың сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін саяси мемлекеттік қызметшілердің отставкасын көздейтін түзетулер қолданысқа енгізілген (Заңның 3-бабының 3-1-тармағы). Сондай-ақ, 2019 жылдың 30 тамызында Панфилов ауылдық округінің бұрынғы әкімі Аппазов пен оның жүргізушісі азаматтық белсенді Галина Арзамасоваға шабуыл жасау туралы қылмыстық істі тергеу барысында қамауға алынғанын атап өткен жөн. Оған 26 тамызда шабуыл жасалған.  width=