Дене шынықтыру мұғалімдеріне қосымша ақы қосылады
Дене шынықтыру мұғалімдеріне қосымша ақы қосылады
212
оқылды
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы орталығында орналасқан спорт клубында "Nur Otan" партиясынан Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер Әміреев Ғалым Махмұтбайұлы, Қызылорда облыстық мәслихатының депутаттығына үміткер Шаутай Тілеуберген Құдарбергенұлы, Мақашов Бағдәулет, Есқалиева Гүлнәр, Партия жақтасы Ержан Уәйіс және Шиелі аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Маханбет Патима Шаймерденқызы, Мырзабеков Насырбек Аябекұлы, Бәкір Бекжан Талғатұлы, Әлтаев Ғалымжан Халықбекұлы, Мүліков Серік Сәдуақасұлы спорт саласы өкілдерімен кездесу өткізді. Кандидаттар спорт саласы өкілдеріне партияның сайлауалды бағдарламаның алға қойған мақсат-міндеттерін жеткізіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Аудандағы спортпен шұғылданатын азаматтардың үлесін 30-дан 45%-ке дейін өсіруді көздейтіндерін жеткізді. Сондай-ақ дене шынықтыру мұғалімдеріне мектептерде спорт секцияларын ұйымдастырғаны және жүргізгені үшін негізгі базалық лауазымдық жалақысынан 100% мөлшерінде қосымша ақы қосылатынын хабарлады. Кездесуде спорт саласына қатысты маңызды мәселелер айтылып, көптеген ұсыныстар талқыланды.

«Nur Otan» партиясының Қызылорда облысы Шиелі ауданының Сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.