Байден америкалықтарды вакцинадан қорықпауға шақырды. Мамандардың пікіріне құлақ асып, сақтық шараларын сақтау аса қажет.
АҚШ-та өткен апта ішінде 1,5 миллион адам коронавируспен ауырып, аурудың таралу көрсеткіші 1,3 процентке өскен.
Елдің 17 штатында ауырғандар саны көбейді.
АҚШ президенті Джо Байден: «Вакцина қолжетімді болған кезде америкалықтар оны қабылдауға дайын болуы керек. Уайымдаудың қажеті жоқ. Бұл вакцина жай бастамасы ғана. Алдағы уақытта «Модерна» екпесі де қолжетімді болмақ. Ол үшін уақыт қажет. Дәрігерлердің кеңесіне немқұрайды қарамаңыздар. Алдағы мереке күндері маска тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтауды қаперде ұстаңыздар», – деді.