Алматы облысында автобус жүргізушісін соққыға жыққандар ұсталды
Алматы облысында автобус жүргізушісін соққыға жыққандар ұсталды
160
оқылды

Полиция департаментінің мәліметінше, 20 желтоқсан күні екі жас жігіт Іле ауданы Жетіген ауылында автобус жүргізушісін соққыға жыққан. Бұл факт Іле аудандық полиция басқармасында тіркелді.

«Тексеру барысында жүргізуші мен жолаушы арасында жанжал туындағаны анықталды. Оның соңы төбелеске ұласқан. Осыдан кейін жолаушы ұлына қоңырау шалып, оны шақырған. Оқиға орнына досымен келген ұлы автобус жүргізушісін соққының астына алған. Күдіктілер қамалды. Олар – Талғар ауданы Нұра ауылының тұрғындары, жолаушының 28 жастағы ұлы мен оның 21 жастағы досы»,– дейді полицейлер.

Сот-медициналық сараптамада қоғамдық көлік жүргізушісінің денсаулығына зиян келгені анықталды.

Ұсталғандар автобус жүргізушісінен кешірім сұрады.