«Ауыл» партиясы өндірістік сектор үшін электр энергиясы тарифін субсидиялауды қолдайды
«Ауыл» партиясы өндірістік сектор үшін электр энергиясы тарифін субсидиялауды қолдайды
126
оқылды

«Ауыл» партиясының Парламент Мәжілісіне кандидаттары «Астана электротехникалық зауытында» жұмысшылармен кездесіп, саяси ұйымның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Зауыт директоры А.Сыздықов  кандидаттарды зауыт жұмысымен таныстырды.  Оның айтуынша, зауыт Қазақстан экономикасының барлық саласы үшін сапалы және қажетті электр техникалық жабдықтарды өндіріп жатыр. Кездесуде сөз алған Парламент Мәжілісіне депутаттыққа кандидат Қайрат Айтуғанов «Ауыл» партиясы бірінші кезекте коммуналдық қызметтерге, өндірістік сектор кәсіпорындары үшін электр энергиясы тарифтерін субсидиялау жүйесін енгізуді қолдайтынын жеткізді. Партияның Республикалық қоғамдық штабының жетекшісі Төлеутай Рахымбеков «Ауыл» партиясы жұмысшылардың заңды құқына ерекше назар аударатынын атап өтті.

Тұмар МЫРЗА