Аналардың зейнет жасын 53 жасқа дейін төмендетуді ұсындық – Рабиға Тоқсейітова
Аналардың зейнет жасын 53 жасқа дейін төмендетуді ұсындық – Рабиға Тоқсейітова
5,170
оқылды
Бүгін Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданында «Ауыл» партиясының кандидаты Рабиға Тоқсейітова жергілікті тұрғындармен кездесті. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады. Саяси ұйымның сайлауалды бағдарламасымен танысқан аудан азаматтары өз кезегінде әйелдердің зейнет жасын ең болмағанда 58 жасқа дейін төмендетуді ұсынды.⠀ «Қазіргі уақытта Қазақстанда әйелдердің зейнет жасы жарты жыл сайын ұлғайып отыр. Бұл қала және ауыл тұрғындарына ортақ ереже. Әдетте, ауыл әйелдері өмір бойы ауыр аграрлық еңбекпен айналысады, оған жеке ауладағы күнделікті жұмыстары да қосылады.⠀Расын айтқанда, депутаттардан басқаның барлығы қаладағы жылы пәтер мен ауылдағы жер үйдегі өмір екі түрлі екенін жақсы біледі», – деді ауыл тұрғындары. ⠀ Р.Тоқсейітованың  айтуынша, «Ауыл» партиясы аналар үшін зейнет жасын 53-ке дейін төмендетуді ұсынып отыр. «Сондықтан да біз азаматтардың әділ әлеуметтік саясат туралы пікірімен толық келісеміз және қолдаймыз», – деді ол.

Тұмар МЫРЗА