Алматы облысында бір топ жас жігіт ұсталды
Алматы облысында бір топ жас жігіт ұсталды
180
оқылды

Бұл туралы Sputnik Қазақстан  хабарлады.

Кеше әлеуметтік желіде арнайы операцияның фотосуреті мен видеосы тараған болатын. Полиция Жамбыл ауданы Самсы ауылының маңында болған қарақшылық шабуылға күдіктілерді ұстаған. Таратылған видео мен фотосуретте қылмыскерлер екі жәбірленушіні пышақпен қорқытып, 1 миллион АҚШ долларынан астам қаржысын тартып алғаны туралы айтылады. Полицейлер қылмыстың ашылғанын және күдіктілер қамауға алынғанын хабарлады.   [caption id="attachment_97479" align="aligncenter" width="1000"]Алматы Фото: ПД-нен алынды[/caption]

«Қарақшылық шабуыл бойынша арыз Жамбыл ауданының полициясына келіп түскен. Арыз беруші белгісіз біреулер пышақпен қорқытып, көлігі мен ақшасын иемденіп кеткеніне шағымданған» делінген Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Полиция күдіктілерді анықтап, ұстағанын мәлімдеді. Қылмыстық кодекстің 192-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Айғақ заттар алынды. Тергеу басталды.