Құрбысының үйіне қонаққа барып, 500 мың теңге ұрлап кеткен
Құрбысының үйіне қонаққа барып, 500 мың теңге ұрлап кеткен
164
оқылды

Бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаменті хабарлады.

Т.Рысқұлов ауданының полиция бөліміне Б.Нурпеисова арызданып, белгісіз біреу үйінен 500 мың теңгесін ұрлап кеткеніне шағымданған. ҚР ҚК-нің 188 бабы 3-бөлігі 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеу басталған. Полиция департаментінің мәліметінше, Т.Рысқұлов АПБ тергеу бөлімшесі тергеу нәтижесінде, күдіктіні анықтады.

Ұрлықты 50 жастағы жәбірленушінің әріптесі әрі құрбысы жасағаны дәлелденді. Қылмыстық іс сотқа жолданды.