Павлодарда электровоз басып кеткен ер адам ауруханаға жеткізілді
Павлодарда электровоз басып кеткен ер адам ауруханаға жеткізілді
151
оқылды

Бұл туралы Pavlodarnews.kz хабарлады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 23 желтоқсанда сағат 21:55-тер шамасында болған.

«Электровоз басып кеткен 1956 жылы туған ер адам жабық ми жарақаты, мидың шайқалуы, сол жақ шынтақ сүйегінің сынуы, жамбас сақинасының жабық сынуы, оң жақ сан сүйегінің жабық сынуы, 2-3 дәрежелі травматикалық шок диагноздарымен ауруханаға түсті», – деп хабарлады басқарма өкілі.

Жарақат алған ер адамның ішімдік ішкені белгілі болды.