Щучинскідегі балабақшада баланы қорлаған тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Щучинскідегі балабақшада баланы қорлаған тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс қозғалды
313
оқылды

Оқиға Щучинск қаласындағы жекеменшік балабақшада болған.

Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбада тәрбиеші отырған баланың астындағы орындығын тартып алады. Екінші бір видеода ұйықтап жатқан баланы төсегінен тұрғызып, сүйреп алып кеткені көрсетіледі.

«Осы оқиғаға байланысты тексеріс жүргізіледі. Қазіргі кезде тәрбиеші жұмыстан шеттетілді. Тексеріс қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданады» делінген Білім басқармасының хабарламасында.

Полиция департаменті тәрбиешіге қатысты іс қозғады.

«Кәмелетке толмағандарды қадағалауды жүзеге асыруға міндетті тәрбие мекемесі қызметкерінің іс-әрекетін, сондай-ақ, Щучинск қаласының тұрғынынан келіп түскен өтінішті негізге ала отырып, Бурабай ауданының полиция бөлімі ҚР ҚК 140-бабы 2- бөлігі «Кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады», – деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.