Бұл туралы Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысында айтылған.
Белгіленген тестілеу режиміне сәйкес, шектеулерді сақтай отырып, туризм нысандары – «Медеу» спорттық-сауықтыру кешені өзінде бар орындардың қамтылу деңгейін 50%-дан асырмай, ашық аспан астында келушілерінің арасындағы 2 метр алшақтықты міндеттеу арқылы өз жұмысын жалғастырады, бірақ ұжымдық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады.
Сондай-ақ, қонуға арналған баспана қызметтерін (қонақ үйлер, демалыс орын-жайлары) ұсыну саласындағы нысандар мен ұйымдарға COVID-19 бойынша ПТР-анықтамасынсыз жұмыс істеуіне рұқсат етіледі; ал келушісі 3 тәуліктен астам уақытқа болатын туристік нысандар (демалыс үйлері, санаторийлер, курорттар, туристік лагерлер) үшін келушісінен ПТР-анықтама талап етіледі.
Ғимаратты адам қабылдау мүмкіндігінің 80% санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес қолданған жағдайда оның жарамдылық мерзімі 72 сағаттан кем болмауы тиіс.