«Дуа қайтарамын» – Ақтөбеде балгер 400 мың теңгені алдап алған
«Дуа қайтарамын» – Ақтөбеде балгер 400 мың теңгені алдап алған
193
оқылды

Бұл туралы «Мой город» жазды.

Ақтөбе полициясы 400 мың теңгеге қатысты тергеуді бастады.

Полицейлердің айтуынша, күдікті 40 жастағы сұлулық салонында жұмыс істейтін тұрғынның «үйіңдегі дуаны қайтарамын» деп 400 мың теңгесін алдап алған.

Балгерге сенген әйел 400 теңге берген. Бірақ алданғанын біліп, полицияға шағымданған. 35 жастағы күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Полиция балгердің алаяқтығынан бұдан басқа да зардап шеккендердің бар-жоғын тексеріп жатыр.