Астанада оқушыларға арналған жаңажылдық іс-шаралар өте ме?
Астанада оқушыларға арналған жаңажылдық іс-шаралар өте ме?
297
оқылды

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова айтты.

«Ата-аналарды білім беру мекемелерінде Жаңа жылға арналған мерекелік іс-шаралардың қалай өтетіні туралы сұрақ мазалайды. Биыл карантиндік шектеулерге байланысты білім беру ұйымдарында Жаңа жыл өтпейді. Онлайн форматта өтеді», – деді Шолпан Қадырова.

Оның айтуынша, Қазақстан Республикасы Президенті мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің атынан мектеп оқушыларына жаңажылдық сыйлықтар табысталады.

«Президент атынан жаңажылдық сыйлық ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар мен ерекше білім беруді қажет ететін 200 балаға беріледі. Қала әкімінің сыйлығы аз қамтылған, көпбалалы және толық емес отбасылардан шыққан балаларға және жетістіктерге жеткен дарынды 450 балаға табысталады», – деді.