Етік ұрлаған еркек абақтыға қамалды
Етік ұрлаған еркек абақтыға қамалды
186
оқылды

Жамбыл облыстық Полиция департаменті тіпті ауданда арнайы рейдтік іс-шаралар ұйымдастырып, бірқатар заңбұзушылықтың бетін ашты.

Енді міне, Шу ауданында етік ұрлау фактісі де тіркеліп, 23 жастағы тұрғын ұсталды. Оқиға 10 желтоқсан күні болған. 46 жастағы тұрғын үйінен теледидар, музыкалық колонка мен екі пар етік ұрланғаны туралы арызданған. Азаматшаның  қолды болған дүниесі 540 мың теңгеге бағаланған. Бұдан бөлек 16 желтоқсан күні аудандық полиция бөліміне тағы бір тұрғын 201 мың теңге тұратын теледидары ұрланғаны туралы шағымданған. Аталған деректерге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрлық жасады деген күдікпен Шу қаласының 23 жастағы тұрғыны ұсталды.

Күдікті өз кінәсін мойындады. Шу АПБ-нің УҰИ-ға қамауға алынды. Заттай дәлелдеме ретінде тәркіленген заттар иелеріне қайтарылды.

Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы