600-ден астам медқызметкер кезекшілік атқарады
600-ден астам медқызметкер кезекшілік атқарады
306
оқылды

Алматы қалалық жедел медициналық жәрдем стансасының бас дәрігері Біржан Оспанов тұрғындарға алдағы мерекелік демалыс күндеріндегі қауіпсіздік шаралары туралы айтты.

Бас дәрігер пиротехниканы пайдаланудан бас тартуға және оны қолдану кезінде балаларды жақын жібермеуге кеңес берді. Жедел медициналық жәрдем қызметі пиротехникалық бұйымдарды пайдалану ережелерін сақтамау салдарымен жиі ұшырасатынына тоқталған ол сондай-ақ термиялық күйік кезінде алғашқы көмек көрсету алгоритміне тоқталды.

«Кез келген күйік кезінде күйік шалған жерді ағып тұрған судың астында ұстап, шайған жөн. Ешбір жағдайда күйікке реакцияны күшейтетін және күйікті тереңдететін май тектес заттарды қолданбаңыз. Бұл әсіресе, петардалармен байланысты күйіктерге – көз бен оның қасаң қабығына қатысты жиі кездеседі. Мұндай жағдайларда, алғашқы көмек көрсетудің қажеті жоқ, ең алдымен, жедел жәрдем шақыру керек. Күйіп қалған жерді таза сүлгімен жауып, көмектің келгенін күткен жөн. Бұл жағдайда, күйік орнын қалай болғанда да суламау және әр түрлі заттармен өңдемеу керек. Қатты ауырсынған жағдайда «құтқарушы» немесе «бепантен» жақпамайларын қолдануды ұсынамыз. Бұл ауырсынуды аздап азайтады», – деді бас дәрігер.

Б.Оспанов жаңа жылдық мереке күндері 600-ден астам медициналық қызметкерлер кезекшілікте болатынын айтты. «Қаламызда 200 жедел медициналық жәрдем бригадасы, оның ішінде 65 мамандандырылған педиатриялық көмек бригадасы жұмыс істейді. Олар әсіресе Жаңа жыл қарсаңында және Жаңа жыл түні кез келген шұғыл көмек көрсетуге дайын», – деп толықтырды ол.