Ақтөбе облысында ауылдың экс-әкімі сотталды
Ақтөбе облысында ауылдың экс-әкімі сотталды
120
оқылды

Бұл туралы Қаржы мониторингі комитеті хабарлады.

Экс-әкімге аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылған болатын. Тергеу барысында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Ақтөбе филиалы шаруа қожалығының иесіне «Құлан» бағдарламасы бойынша 40 бас жылқы сатып алу үшін жалпы сомасы 11 840 000 теңге несие бергені анықталды.

«Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотының үкімімен ауылдық округ әкімі ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі алаяқтық – ред.) бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол ақшаны өзі пайданалану мақсатында жалған құжат пен қолхат жасағаны үшін кінәлі деп танылды» делінген хабарламада.