Көпбалалы анаға ауылдастары үй салып берді
Көпбалалы анаға ауылдастары үй салып берді
5,203
оқылды

Жалпақтөбе ауылының тұрғындары аудан әкімдігінің қолдауымен «Асарлатып үй салу» бастамасымен ауылдасына үй салып берді.

Жаңа қоныс иелерін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев арнайы барып құттықтады. Ол көпбалалы отбасыға бақ-береке, шаттық тіледі. Алты бөлмелі үй бірнеше айдың ішінде салынған. Үйге жиһаз жеткізілген. Әбеновтер отбасы бұған дейін туыстарымен бірге ескі үйді паналап келген.

«Облыс басшысы өңірдің гүлденуі үшін жұмыс істеп жатыр. Ауылдастарыма рақмет! Танымайтын адамдар да көмектесті. Алғысым шексіз», – дейді әжей Қалия Исмаилова.

«Асарлатып үй салудың» мақсаты – ауылдастары жиналып көршілеріне, мүгедектерге, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға тұрғын үй салып беру.