Із-түзсіз жоғалған ер адамның көлігі табылды
Із-түзсіз жоғалған ер адамның көлігі табылды
193
оқылды

Бұл туралы КТК хабарлады.

Полицейлер бұл қаскөйлердің әрекеті екеніне сенімді. 34 жастағы Азат Теміртасов бір апта бұрын көлігімен көрші ауылға қарай жолға шыққан. Содан бері хабар жоқ.

Жоғалған жігіттің көлігін тәртіп сақшылары Талдықорғаннан Алматыға қарай шығатын жол бойынан тапқан. Бірақ өртелген көліктің тек қаңқасы қалған. Тергеушілер көлік «қасақана өртелген» деп отыр. Ал машина табылған соң, «жоғалған адамды іздеу» бабы «кісі өлтіру» бабына өзгертілген.

Азат Теміртасов түнгі сағат 10-дар шамасында жеке шаруасымен Талдықорғаннан Қарабұлақ ауылына қарай жолға шыққан. Бір аптадан бері жігіттен еш хабар жоқ.

Туыстарының айтуынша, үйінде ешқандай ұрыс-керіс болмаған. Тату-тәтті тұрып жатқан отбасы төрт  бала тәрбиелеп отыр. Ең кішісі небәрі 2 жаста. Ал өзі банкте белді қызметте істейді.