Аяз салдарынан Өскемендегі көпірде жарық пайда болды
Аяз салдарынан Өскемендегі көпірде жарық пайда болды
253
оқылды

Бұл туралы қала әкімдігінің Instagram-дағы ресми парақшасында жазды.

Әкімдік мамандардың көпірді зерттегенін хабарлады. Аяз салдарынан көпірдің екінші тірек бөлігіндегі асфальт бетонда жарық пайда болған. Көпірдің салмақ түсетін конструкциясына зақым келмеген. «Көпір үстіндегі қозғалыс тоқтаған жоқ. Қазіргі кезде асфальттегі жарыққа битум құйды», – деп жазылған әкімдіктің Instagram парақшасында. Көпірді көктемде жөндеу жоспарда бар.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда ауа температурасы төмендейтінін хабарлаған болатын.