Сәбиді Қазақстанға арнайы ұшақпен жеткізді
Сәбиді Қазақстанға арнайы ұшақпен жеткізді
5,214
оқылды

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Қазақстанның Омбыдағы консулдығының көмегімен жергілікті балалар клиникалық ауруханасынан денсаулығы нашарлаған екі айлық сәби санитарлық авиация бортымен Нұр-Сұлтанға жеткізілді. Арнайы рейсті Сыртқы істер және Денсаулық сақтау министрлігі бірлесіп ұйымдастырды. Сәбиді астанаға жеткізгенге дейін мамандар жол-жөнекей оның диагнозын зерттеп, келген соң емдеуді бастады.

Дәрігерлердің айтуынша, нәрестенің қазіргі жағдайы тұрақты, ем қабылдап жатыр.