Абай халық бірлігінің белсенді жақтаушысы болды – «Ауыл» партиясы
Абай халық бірлігінің белсенді жақтаушысы болды – «Ауыл» партиясы
184
оқылды

Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Рәбиға Тосейітова мен Шығыс Қазақстан облысы мәслихатына үміткер Фарид Әбітаев бастаған  партия өкілдері серіктестік ұжымымен кездесті. «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасы туралы баяндап, азық-түлік қауіпсіздігі туралы заң жобасына басымбық бере сөйледі.

«Экспортты игеруге ұмтылатын кез келген отандық кәсіпорын елдің ЖІӨ-нің өсуіне ықпал етеді,  бұл өз кезегінде ұлттық валюта мен инфляция деңгейін тұрақтандыруға ықпал етеді. Азық-түлік қауіпсіздігі туралы заң жобасын қабылдау ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын дамытуды белсенді ынталандыруды және атаулы топқа атаулы қолдау көрсетуді көздейді», – деді Ф.Әбітаев. Бұдан  кейін үгіт-насихат тобы Абай кесенесіне барды. Рәбиға Тоқсейітова Абай халық бірлігі идеясының белсенді жақтаушысы болғанын атап өтті. «Ақын шығармалары еліміздің ғана емес, әлем мәдени мұрасының дамуына үлкен үлес қосты. Абай Құнанбайұлы әрқашан ұлтты біріктіруге және әділ қоғам құруға шақырды. «Ауыл" партиясы да осы қағиданы ұстанады», – деп түйіндеді Р.Тоқсейітова.

Тұмар МЫРЗА