Ауыл тұрғындары зейнет жасын төмендету мәселесін қолдайды
Ауыл тұрғындары зейнет жасын төмендету мәселесін қолдайды
175
оқылды
ҚХП-ның Маңғыстау облыстық сайлауалды штабының активі Атамекен ауылындағы жеке мектептің педагогтерімен, орта мектептің еңбек ұжымымен және Тұщықұдық ауылдық ауруханасының дәрігерлерімен кездесу өткізді.
Сайлаушыларға Қазақстан Халық партиясының сайлауалды бағдарламасы ұсынылып, үгіт-насихат материалдары табыс етілді. Сондай-ақ диалог барысында сайлаушылардың өзекті мәселелері мен тілектері тыңдалды. зейнет жасы Халық партиясының бағдарламасындағы қолжетімді білім мен медицина, ауылдың дамуы, зейнет жасын төмендету және әлеуметтік қайта құру туралы бағыттар ауыл тұрғындары тарапынан қолдау тапты.