Иесіз бос қалған пәтерді сатып алғандар ақшасыз далада қалды
Иесіз бос қалған пәтерді сатып алғандар ақшасыз далада қалды
134
оқылды

Бұл туралы AstanaTV хабарлады.

Павлодарлық Мақпал Мейрамова сіңлісімен бірге 2018 жылы қаланың қақ ортасынан 2 бөлмелі пәтер сатып алған. Алайда ол пәтердің құжаты жалған екенін кеш білген.

Зардап шеккен Мақпал Мейрамова: «Жалғыз үйім осы сатып алған. Басқа үйім жоқ. Қазір жалғыз тұрып жатырмын. Бауырым өткен жылы қайтыс болды. Сот енді шешім қабылдаса, далада қалатын болдым», – дейді.

Павлодарда 7 бірдей тұрғын қақаған қыста үйінен айырылудың аз-ақ алдында тұр. 2 жыл бойы соттасқан оларды сот зардап шегушілер тізімінен де шығарып тастағанын түсіне алар емес.

Қала тұрғыны Орынбасар Қасенов: «Менің атыма оформить етіп, квартираны сатып алдық 12 мың долларға. Содан бері 2 жыл болды соттан сот. Не какой решение. Қазір пострадавшыйдан да алып тастады. Квартираны алып қойды», – деді.

Ал павлодарлық Яна Фоминских: «Бізге түсініксіз болып келген бір жай бар. Әлі күнге дейін бұл алаяқтар қалада қай үйдің бос қалғанын қайдан білді? Ондай ақпаратты оларға кім берді? Жұмбақ күйінде қалып отыр. Сондықтан біздің ойымша, бұны жоғары жақта біреу ұйымдастырып, топ құруы мүмкін деген болжамымыз бар», – деп күмәні бар екенін айтты. Сот пәтер алаяқтарына қатысты іске нүкте қойды. 8 алаяққа 4 жылдан 8 жыл аралығында жаза кесті. Оларға бөтеннің мүлкін ұрлау, алдау, жалған құжат жасау және қылмыстық топ құрды деген айыптар тағылды. Айыпталушылардың 11 жыл ішінде қараусыз қалған 10 пәтерді  сатып жібергені дәлелденген.

Алаяқтарға алданғандар құжаты жалған пәтерлерді сатып алғаны үшін зардап шеккендердің тізімнен шығып қалған. Сондықтан тұрғындардың пәтер сатып алған ақшасын, ешкім қайтармайтын болды.

*Ескерту: Тұрғындардың сөзі қаз қалпында берілді.