Орал қаласында 8-қабаттан секірген ер адам қайтыс болды
Орал қаласында 8-қабаттан секірген ер адам қайтыс болды
165
оқылды

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 29 желтоқсан күні болды.

Сағат 18:30-дар шамасында Х.Есенжанов көшесі 20 үйде 8-қабаттан 58 жастағы ер адам секіріп кеткен. Оны жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізгенімен, сағат 22:00-де қайтыс болды.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу басталды.