«Сәлем саған, Түркістан!» өнер фестивалінің жеңімпаздары марапатталды
«Сәлем саған, Түркістан!» өнер фестивалінің жеңімпаздары марапатталды
386
оқылды

Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ның Мәдениет сарайында облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өткен Тәуелсіздік күніне арналған «Сәлем саған, Түркістан» өнер фестивалі қорытындыланды.

Аталған фестивалдің мақсаты – облыстың имиджі мен туристік әлеуетін арттыру және түркі әлемінің орталығы ретінде дамуына үлес қосу, мәдениет пен өнердің халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету, өнерлі жастарға қолдау көрсету. Осы межеден шыға білген фестивалдің қортынды шарасына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов арнайы қатысып, гран при иегерлерін марапаттады.


Салем саган туркестан (1).jpeg

Айтакетейік, фестиваль аясында классикалық ән орындаушылар, балаларға арналған би, суретшілер мен фотосуретшілердің «Түрленген Түркістан» және Open Turkistan танымдық бейнероликтер мен Turkistan fashion киім дизайнерлерінің байқаулары ұйымдастырылған болатын.

Фестивальдің деңгейін көтеру, байқау қорытындыларының әділ өтуін қамтамасыз ету мақсатында опера әншісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сүндет Байғожин, опера әншісі, Өзбекстан Республикасының халық артисі, опера әншісі Рамиз Усманов, Мәдениет қайраткері Үралхан Сейілбекова, хореограф, ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының қызметкері Арман Нұрмахаматұлы, биші, хореограф, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Хадиша Ағымбаева, Өзбекстанның еңбек сіңірген артисі, балерина Надира Хамраева, тележүргізуші, журналист Динара Сәтжан, продюсер, тележүргізуші Баян Мақсатқызы, PR маманӘлішерЕлікбаев, танымал дизайнер Аида Кауменова, продюсер, Kazakhstan Fashion Week құрушысы Саят Досыбаев, дизайнерлер Наиль Байкучуков, Алексей Чжен, ӘсемАлтынбекова, суретші-кескіндемеші, Еңбек сіңірген қайраткері Жанұзақ Мүсәпір, Мәдениет қайраткері Нұрлан Шилібаев, Еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық дәрежедегі фотосуретші Бақытжан Әшірбаев, педагогика ғылымдарының докторы Қуандық Ералин, фотосуретші Асылхан Абдраимов арнайы шақыртылған.


Салем саган туркестан (4).jpeg

Аталған қазылар алқасы екі күндік жұмыс барысында Open Turkistan бейнероликтер сайысына 93 бейнеролик келіп түссе, Turkistan fashion ұлттық киім дизайнерлерінің байқауына 50-ге жуық еңбек ұсынылып, финалға 10 дизайнердің жұмысы таңдалып алынды.

Би байқауына барлы қаудан, қалалардан 15 би ұжымы қатысуға өтінім берсе, балалар мен жасөспірімдер арасындағы классикалық ән орындаушылар байқауына алдын ала жүргізілген іріктеу кезеңі арқылы 25 үміткер соңғы кезеңге жолдама алса, «Түрленген Түркістан» суретшілер мен фотосуретшілердің байқау-көрмесіне 33 кескіндемеші мен 17 фотосуретші өз жұмыстарын ұсынған болатын.

Жеңімпаздар жүлделі сыйлықтармен марапатталды.