Қазақстан тумасы UEFA рейтингі бойынша дарынды 50 футболшының қатарына енді
Қазақстан тумасы UEFA рейтингі бойынша дарынды 50 футболшының қатарына енді
245
оқылды
UEFA алдағы жылдың жаңалығына айналуы әбден мүмкін 50 жас футболшының тізімін ұсынды. Тізімге Туркияның «Стамбул Башакшехир»  клубында ойнайтын Қазақстанның тумасы енген. Бұл туралы Sport.kz хабарлайды. Талантты жас футболшылардың қатарында «Стамбул Башакшехирде» ойнайтын 17 жастағы Қазақстанның тумасы Равиль Тагир бар. « Орталық қорғаушы 2020 жылдың қыркүйегінде «Алтынордадан» «Башакшехирге» ауысқан. Біртіндеп негізгі құрамға кіріп, қазірдің өзінде жастар құрамасында ойнап жүр», – деп жазылған сайтта. Тагир жаңа клубта алғашқы ойынын өткен жылдың қараша айында, Денизлиспорға қарсы чемпионаттың соңғы бес минутында көрсеткен.