Парламент Сенатында Сенаторлар кеңесінің мүшесі, Халық Қаһарманы, армия генералы Мұхтар Алтынбаевтың 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Елдің болашағы – білімді ұрпақтың қолында. Осы орайда білім беру саласында ұзақ жылдар қызмет атқарып, бүгінде Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасын басқарып отырған Қуат Оқасовтың еңбегі – көпке үлгі.
Тың жаңа цифрлық технологиялардың пайда болуы қарапайым ауыл адамдарының да ауыр бейнетін жеңілдетіп, өнімділік көлемін де арттыруға мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Қазір елімізде өндіріс орындары мен агросекторда, тіпті қоғамдық тәртіпті сақтауда адам еңбегін алмастыратын технологиялар көбейіп келе жатыр. Бұл бағытта Қазақстанның мұнай-химия орталығы саналатын Атырау өңірі де озық үлгі көрсетіп келеді.
Жарық дүниеге сәби әкелу – әр әйел затының өміріндегі ұмытылмас сәттің бірі. Сүйінші хабар бір отбасын ғана емес, бүкіл әулет, көрші-қолаң, ауыл-аймақты қуантып, жадыратып жіберетіні анық.
Армия генералы... Қазақтың арғы-бергі тарихында «армия генералы» дейтін жоғарғы әскери шенге ие болған екі-ақ азамат бар. Екеуі де «Халық қаһарманы» атағын алған тұлғалар.
«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында Қарағанды облысында түрлі ауқымды іс-шара өтуде. Тәртіп сақшылары, құзырлы орган қызметкерлері азаматтардың құқығын түсіндіріп қана қоймай, жұртшылыққа жұмыстарын таныстыруда.
Мәдениет және ақпарат министрлігі архив, кітапхана және баспа ісін дамыту, осы бағытта кадрлық әлеуетті арттыру бағытында ауқымды жұмыс атқарып жатыр. Сонымен қатар архив ісі, тарихи сирек қолжазбаларды қайта жаңғырту үшін халықаралық ынтымақтастықты кең...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында еліміздегі футбол клубтарын жекешелендіруге қатысты жұмыстарды жеделдетуді тапсырғаны мәлім.
Бүгінде Қарағанды облысында тұрақты даму бағытында әйелдер көптеген салада табысқа жетуде. Мысалы, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары арасындағы үлесі 41 пайызды құрайды.
«AMANAT» партиясы ауылды өркендетудің басты тетіктерінің бірі ретінде өнімдерді терең өңдеу саласын күшейтуге айрықша мән беріп отыр.
Қазақстан Парламентінің делегациясы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің бірлескен отырысына және XVIII жалпы отырысына қатысты. Делегацияны Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастап барды.
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында облыстық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Гүлмира Батпакулованың атсалысуымен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жаңа спорт кешені ашылды. Ол бұған дейін осындай нысан салу қажет екенін...
Отандастарымыз ашық суға жүзуден әлем чемпионатында үздік шықты.
«AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының ұйымдастыруымен өңірде Жұмысшы мамандықтары жылы аясында «Жұмысшы жастар аманаты» форумы өтті. Іс-шараға өңірдегі мемлекеттік органдардың өкілдері, еңбек ардагерлері, жас мамандар, кәсіпкерлер, салалық ұйымдар...
10-11 желтоқсан күндері Астанаға Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкиан ресми сапармен келеді.
Қазақстанда ауыл шаруашылығын қолдау мақсатында ілкімді істер қолға алына бастады.
Бүгінде теннис – жаһандағы ең бәсекелі әрі қымбат спорт түрінің бірі.
Numbeo халықаралық деректер платформасының 2025 жылғы есебіне сүйенсек, еліміз денсаулық сақтау индексі бойынша 99 мемлекеттің ішінде 60-шы орынға түсіп, соңғы екі жылда үш позицияға төмендеген.
Дүниежүзілік экономикалық форумның дерегінше, әлем гендерлік теңдікке әлі кемінде 134 жылдан кейін ғана қол жеткізеді. Бұл – қоғамның барлық саласында әйелдерге тең мүмкіндік беру жолындағы күрестің қаншалық ұзақ әрі күрделі екенінің айқын көрсеткіші.
«Ромео мен Джульетта – әлем әдебиетіндегі ең таза лирикалық трагедия», дейді әдебиеттанушы Гарольд Блум. Шынымен де, «Ромео мен Джульетта» трагедиясы бақытты өмір сүру үшін күрескен қос ғашықтың қасіретін шынайы суреттейді.
Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеген ананың қоғамдағы орны қашанда ерекше.
Мемлекет декреттік төлем төлеу рәсімін «жетілдіруді», шынында – көлемін қысқартуды жалғастырды. 2025 жылы жас босанған жұмыскер аналарға тағайындалған бір жолғы төлемнің орташа мөлшері небәрі 1,4 млн теңгені құрады.
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап Омбы, Ташкент, Қазан, Уфа, Астрахань қалаларында, сондай-ақ Қазақстан аумағы бойынша Орынбор, Орал, Семей, Верныйда (қазіргі Алматы) алғашқы баспаханалар ашылды.
Астана прокуратурасы «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында қала мектептері және білім беру ұйымдарымен бірлесе іс-шаралар өткізіп келеді.
Қант диабеті, яғни қарапайым халық арасында «сусамыр» атанып кеткен дерттен әлемде жыл сайын миллионнан аса адам көз жұмады. Және бір сұмдығы – бұл ауруға кез келген адам ұшырауы мүмкін. Қазір Атырау облысы да қант диабетіне шалдыққан науқастар бойынша кө...
Бірлік бар жерде берекелі тірлік бар. Бұл тәмсіл Түркістан жоғары көпсалалы аграрлық колледжінің жаңашыл басшылары мен ұйымшыл ұжымына қарата айтылғандай әсер қалдырады. Әділін айту керек, соңғы бес-алты жылдан бері бұл ұжым игі ісімен, баянды бастамасым...
Қызылорда қаласының дәл іргесінде қалың ел қоныстанған Тасбөгет аталатын кент бар. Қаланың бір бөлшегіне айналған аталмыш елді мекенде талай жылдан бері қордаланған күрмеулі мәселе аз емес.
Сыр бойы – қазақ руханиятының мәңгілік отауы. Сонау есте жоқ ескі замандардан бері бұл өлкеде қаншама даналық ойдың дәнін терген небір данышпандар мен саңлақтар ғұмыр кешті десейші.
Ұлттық поэзияның өрісін кеңейтіп, азаттық рухын асқақ жырымен айшықтаған көрнекті ақын Несіпбек Айтұлының 75 жылдық мерейтойы жоғары дәрежеде өтті. Ақынның мерейтойы қарсаңында «Бостандық жырының бозжорғасы» республикалық жазба ақындар мүшәйрасының жеңімп...
Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның отырысында еліміздегі тұрғын үй заңнамасының проблемалары талқыланды.
Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстан машина жасаушылар одағы Үйлестіру кеңесінің отырысына қатысып, сөз сөйледі.
Президент Астана мен Бангкок арасындағы достыққа, өзара түсіністікке негізделген қатынастардың тұғыры биік, әлеуеті мол екенін атап өтті.
Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен бюро отырысында алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Парламент Сенатының Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтті. Онда Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру үшін депутаттар бастамашы болған бірқатар заң қаралды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының лауреаттарын, «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысып, сөз сөйледі.
Жаһанға әйгілі Disney студиясының қазақ тілінде дыбысталған кезекті мультфильмі көрерменге жол тартты. Осылайша, көпшілік әлемдік премьераны дүниежүзімен қатар ана тілімізде тамашалауға мүмкіндік алып отыр.
Халықты несиелендіру саласында реформа басталды. Соның аясында қарыз алушыларды қолдаудың жаңа тетіктері мен тәсілдері енгізіледі. Өзгерістер талапты қатайтуды қарастырады.
Былтыр еліміз бойынша 123,6 мың неке тіркелді. Ал 40,5 мың отбасы ажырасқан. Ешкім ажырасамын деп үйленбейді.
Бала күліп жүрсе, қоғамның да жүзі жарқын. Десек те, қазіргі статистика қорқынышты үрей тудырады.
Бұған дейін Президент Үкіметке мал шаруашылығын мықтап дамытуды тапсырды. Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумында бұл мәселеге баса назар аударғаны есімізде.
Кейінгі 10 жылда білім беру, денсаулық сақтау жүйесі және әлеуметтік саланың инклюзияға бет бұруы – қуантарлық жетістік.
WhatsApp желісінде астаналық кәсіпкер танысымның суреті қойылған нөмірден хат келді. «Банктегі лимитім бітіп қалып тұр еді.
Қылышын сүйретіп қыс келгенде қарағандылықтардың басты мәселесі таза ауа болады. Міне, үш-төрт күн болды, қаланы көк түтін басып тұр.
Түркістан облысы – әу бастан-ақ несібесін жерден терген, малын өргізген, егінін еңкейіп егіп, ел ырысын еселеген қасиетті өңір.
Елордада жастар арасында есірткіге тәуелділіктің алдын алу мақсатында кезекті рет «Астана – есірткісіз қала» профилактикалық акциясы өтті.
Көрерменнің көзайымы, би өнерінің падишасы – ел салтанатына айналған «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі – елімізде би өнерінің абыройын асқақтатып жүрген бірегей өнер ұжымы.
«AMANAT» партиясының бастамасымен еліміздегі жастар жұмыссыздығына арналған арнайы отырыс өтті. Қазір ақпаратты жылдам жеткізу, жастардың өзекті мәселелерін тыңдау және шешім қабылдау процесіне тарту басты мақсат болып отыр.
Спикер Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар аймақтарға сапарлар кезінде азаматтардан келіп түскен өтініштерді мемлекеттік органдардың қарау нәтижесі туралы Үкіметтің есебін тыңдады.