Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцарияның Давос қаласында АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды.
Президент Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды
253
оқылды

Қол қою рәсіміне Қазақстан Президентінен басқа 18 елдің басшылары мен өкілдері қа­тысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Давос форумында та­ра­тылған «Президент Дональд Трамптың 365 күн ішіндегі 365 жеңісі» деп аталатын ресми құ­­жат­тың 177-тармағында Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылғаны жетістік ре­тін­де көр­се­тілгеніне назар аударды. 

Бұдан бөлек, Президент Америка көшбас­шы­­сына ақыл-парасатқа негізделген ішкі сая­сат­ты жүзеге асыруда табыс тіледі.

Дональд Трамп Бейбітшілік кеңесін құру ту­ралы бастамасына қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Давоста Армения Президенті Ваагн Ха­ча­­турянмен, Премьер-министр Никол Па­шинян­­мен, Индонезия Президенті Прабово Су­биан­то­мен, Жаһандық өзгерістер инсти­туты­ның ат­­­­­қарушы төрағасы Тони Блэрмен, АҚШ Сауда ми­нистрі Говард Латникпен және ФИФА пре­зи­денті Джанни Инфантиномен аз-кем әңгіме­лесті.