Елордамыз Астананың көрікті жері Орталық саябақта шаңғы тебу маусымы ашылды. Шаңғы жарысы бірнеше жас ерекшеліктері бойынша 500 метр және 2,5 шақырым қашықтықта өтті.
«Жетім көрсең жебей жүр» деп халқымыз бекер айтпаған. Тарихында талай нәубет, мехнат, зұлматты өткерген қазақ елі ата-анасыз қалған балаларды аман сақтап, солардың арасынан шыққан хан, батыр, ғұлама, дарын иелерінің бағын ашты, ұлты мақтан тұтар ұланға ай...
Елдің қай аймағында болмасын бұралқы иттер көбейіп барады. Қоғамда «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға байланысты үлкен резонанс болғанымен, түйткілдің түйіні тарқатылып, заңға өзгеріс енгізілер емес.
Музыкалық жас көрермен театрында драматург Мадина Омарованың S.O.S атты драмалық қойылымының премьерасы өтті. Қоюшы режиссері – Аман Ғұмаров.
Астанадағы «Динамо» аула клубында тәрбиеленушілерге арналған жаңажылдық кеш өтті. Қала әкімдігінің қолдауымен «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған шараға халықтың әлеуметтік осал тобы санатына жататын спортшылар және бапкерлер, ата-ан...
Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алудың заманауи психологиялық бағыттары: теориясы мен практикасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Ол тұтас ақындар көшін жалғаған, күпі киген қазақтың қара өлеңін шекпен жауып қайтарған, мықтылардың бәрімен қатар жүрген, қара үзіп алға шыққан, өлеңімен де, өмірімен де дараланған дарабоз еді.
Жаңа жыл қарсаңында Алматы спорттық жарыстың нағыз орталығына айналды. AUYL SPORT – 2024 республикалық турнирінің финалы еліміздің 17 облысынан 1 300-ден астам жас спортшыны бір алаңға жинады.
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатында «АМАNАТ» партиясынан сайланған депутаттар кезекті есебін берді.
Мәжілісте елдің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту туралы Үкімет сағаты өтті. Отырысқа вице-спикер Альберт Рау жетекшілік етіп, саланың жай-күйі туралы Көлік министрі Марат Қарабаев баяндады.
Осы жылдың желтоқсан айының басынан бастап еліміздің өңірлерінде 250-ден астам ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті, оған миллионға жуық азамат қатысты.
23 желтоқсан күні «AMANAT» партиясының мүшелері, атап айтқанда, партияның Павлодар облыстық филиалы атқарушы хатшысының міндетін атқарушы Айнұр Мұхамедиярова, облыстық мәслихат депутаттары және «AMANAT» фракциясының мүшелері Асылбек Туғанбай мен Света А...
Премьер-Министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының еліміздің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту жөніндегі тапсырмасының орындалуы бойынша кеңес өткізді.
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата бюросының отырысы өтті. Онда 26 желтоқсан күні өтетін Сенат отырысының күн тәртібі бекітілді және депутаттардың өңірлерге баратын сапарларына қатысты мәселелер талқыланды.
Туризмді дамыту – мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі. Ел экономикасының тұрақты өсімін қамтамасыз ету үшін бұл салаға ерекше назар аударылып келеді.
Бүгінде роботтар өмірімізге дендеп еніп, барлық салада құлтемірлердің көмегіне жүгінетін деңгейге жеттік.
«Сіз маған ізгілікке қалай сенсеңіз, зұлымдыққа да солай сеніңіз депсіз. Құрбым-ау, олардың өмірде бар екенін мойындау сенім емес қой. Сенім деген сол – екеудің біреуінің адам үшін қымбат екенін, артық екенін мойындау. Достоевский: «Сенім жоқ жерде ізгілі...
Астананың орталық саябағындағы шаңғы роллері тасжолында «Табиғатпен ұштасу» атты отбасылық эстафета өтті.
Астана қаласы Байқоңыр ауданы әкімдігі аппараты «Есірткісіз елорда – дені сау ұрпақ» акциясын ұйымдастырды.
Ауыл шаруашылығының бүгінгі жай-күйі алаңдатарлық. Өкінішке қарай, есеп бөлек, іс жүзінде басқаша болып тұр. Бұл туралы Мәжілісте де, ел ішінде де айтылып жүр.
Анимация, мультипликация – идеология құралы. Технологиясы дамыған әлемнің озық алпауыт мемлекеттері дәл осы шығармашылық саланы ой жеткізуші, ұлттық болмысты насихаттаушы құрал ретінде қолға алғаны қашан?!
"Бір-екі рулон бетон орап беріңіз!" – таяу болашақта Қазақстанда осылай сұраған адамға ешкім таңғала қарамауы мүмкін. Өйткені бетоннан рулон жасау технологиясы Орталық Азияға келіп жатыр.
«AMANAT» партиясы халық арасында кеңінен сұранысқа ие партиялық жобалардың бірі – «Қарызсыз қоғам» жобасын жүзеге асыру жұмысын қорытындылады.
Биыл рекордты өнім жинадық деп жергілікті билік пен Үкімет бөркін аспанға атқанымен, шаруалардың қабағына қалың мұң ұялаған.
Ағылшын жазушысы Уильям Макнил The Rise of The West кітабында: «Мемлекет басқару сапасы қоғамдағы ұйымдасқан топтарға ғана емес жеке тұлғалардың басқару жүйесіне тікелей қатысуына байланысты» деп жазады.
Биыл әдебиет майданында қалам тербеп жүрген жазушыларды бір арнаға тоғыстырған «Алтын қалам» әдеби жүлдесінің тағайындалғанына – 15 жыл. Осы уақыт аралығында аталған жоба талай таланттың шырағын жағып, әдебиет әлемінде кең құлаш сермеуіне үлес қосты.
Соңғы төрт жарым жылда Қазақстанда отбасындағы зорлық-зомбылықтан 869 адам көз жұмған. Өкінішке қарай, қанша жерден заң қатайды дегенімізбен, отбасындағы зорлықтан жапа шеккендер саны азаймай тұр.
Қарағандыдағы медициналық университет жанындағы колледж ақыры жабылып тынды. Оқу орны лицензиясының жарамдылық мерзімі біткен, ал оны қайта алуға мүмкіндік жоқ екен. 200‑ден аса болашақ фельдшер, медбике мен тіс дәрігері енді басқа колледждерге а...
Астана қаласында Тәуелсіздік күні қарсаңында ұйымдастырылған «Таза Қазақстан – Таза Астана» байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте қант қызылшасын жинау нәтижелері қарастырылды. Елімізде қант қызылшасының орташа өнімділігі гектарынан 535,5 центнерді құрап, шамамен 1,3 млн тонна жиналды.
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп өңірдегі «Ақтөбе» газетінің 100 жылдығына арналған мәдени-ғылыми шараға қатысты.
Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Жеңіл өнеркәсіп өз атын ақтап-ақ тұр: ол шетелдік өнімдерге жеңілді, жаппай жол берді. Бұл әзілдің түбінде зіл бар. Өнеркәсіп министрлігінің мәліметінше, осы өнеркәсіптегі отандық тауар өндірісі 2020 жылғы 142,7 млрд-тан 2023 жылы 237,4 млрд теңгеге дейін...
Түркістан облысына қарасты Отырар ауданы тұрғындарын лейшманиоз жарасы мазалап келе жатқанына 50 жылға жуықтап қалыпты.
Бүгінгі қоғамда ауыл өміріндегі күрделі мәселелер аз емес. Әсіресе, күнделікті тұрмысқа қажетті жол мен ауызсудан бастап ғаламторға қолжетімсіздік, денсаулық пен білім саласына қатысты түйткілдер жиі көтеріліп жатады. Ауылдағы ағайынның ахуалын білмекке ұ...
Астанадағы «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы 2019 жылдың 26 тамызында қала әкімдігінің жанынан пилоттық жоба ретінде ашылған болатын.
Жыл соңында халықаралық студиялардың қазақ тіліне аударған анимациялық фильмдер қоржыны тағы бір туындымен толықты.
Бүгінде Тараз қаласының көкжиегі кеңейіп, тұрғындарының саны жыл санап артып келеді. Қазір қалалықтар 434 мың тұрғынға жетті.
БҚО прокуратурасында заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Батыс Қазақстан облысының Үйлестіру кеңесінің отырысы өткен болатын.
Өткен жылдың қыркүйегінен бастап Мәжілістің жұмыс тобы Қазақстан Республикасының жаңа Бюджет кодексін әзірлеп, ондағы айтулы мәселелер турасында түрлі талқылау өткізген болатын.
«ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының құрылғанына 25 жыл толып отыр.
Кеше Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен жалпы отырыс өтті. Онда депутаттар Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы заң жобасы мен оған ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.
Премьер-Министр Олжас Бектенов Dalian Hesheng Holdings Group Co., Ltd. компаниялар тобының басқарма төрағасының орынбасары Ма Хуньхан бастаған қытай делегациясымен кездесу өткізді.
14-16 желтоқсан аралығында терме Чатежде (Словения) U14–U18 жастар арасында рапид және блиц бойынша әлем чемпионаты өтті.
Мәдениет, өнер және медиа саласының өкілдері Астанада ұйымдастырылған QazaqSham форумында бас қосты.
«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбалоны салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.
Биыл бар игілігіміздің бастауы болған Тәуелсіздігімізге – 33 жыл! 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан егемен ел ретінде өз тәуелсіздігін жариялады.
Бокстан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Тайландтың Чангмай қаласында Қазақстан құрама командасының қыз-жігіттері жалпы есепте 2 орынға тұрақтады. Ал көршілеріміз Өзбекстан құрамасы көш бастады.
Келер жыл «Әділетті Қазақстанда» еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әділдік орнатудың бетбұрыс кезеңіне айналуға тиіс. Бұған кедергі келтірген ескі заңнама жаңартылуы қажет. Еңбекмині тиісті заң жобасын әзірледі.
Бүгінде несие көптеген азаматтың жеке бюджетінің ажырамас бөлігіне айналды. Әсіресе, өмір сүру сапасын жақсартуды ниет етіп, соңынан қарыздың құрсауына тап болғандар қатары артып келеді.