Мемлекеттік қызмет институтының маңызы қандай?
Мемлекеттік қызмет институтының маңызы қандай?
5,310
оқылды

Ықылым заманнан бері ұлы қазақ даласында мемлекеттік қызмет институтының өз заманына сай түрлері қалыптасқан болса да, белгілі бір деңгейде тарихи тәжірибеміз жинақталса да, Тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде бұл сала жаңаша әрекетті қажет еткені анық.

Алайда алғашқы кезеңде мем­ле­кет­тік функцияларды бөлу ба­ры­сы ретсіз жүргізілгенін атап өт­кен жөн. Бұл рет­те 2000-2014 жыл­дар ара­лығында бәсекелестік ортаға мемлекеттік орган­дардың 4 функ­циясы берілді. Олар: тауар­лар мен қызметтерді сертифи­каттау (2000 ж., Индустрия және ин­фра­құрылымдық даму ми­нис­трлі­гінің құзыретіне кірді); техни­калық байқауды ұйымдастыру (2009 ж., Ішкі істер министрлігінің құзыретіне кірді); «Алтын cапа» және «Қазақстанның үздік та­уары» конкурстарын өткізу жөнін­дегі функциялар (Индустрия және ин­фрақұрылымдық даму министр­лігінің құзыретіне кірді). Соң­ғы мәлімет бойынша, мемлекеттік ор­гандарға бекітілген функцияның жалпы саны шамамен – 15 мың.

Сонымен, еліміз алдында тағы да мемлекеттік қызмет сала­сын рефор­малау қажеттігі туды. Бұл тиісінше Ұлт жоспары бағдар­ла­масына енгізілді. Аталған ре­фор­маны табысты іске асы­ру үшін мем­лекеттік функцияларды бәсекелес құрылымдарға беру­дің ке­шенді әдіснамалық тәсі­лін белгілеу қажет. Бұл – басты ба­залық шарттың бірі. Ол өз кезе­гінде мемлекеттік бас­қа­р­уды қа­зіргі заман үрдісіне сай да­мытуға, жинақталған отандық және ше­телдердің озық тәжірибелерін үйлестіре пайдалануға негізделуі қажет. Осыған байланысты 2016 жылы Ұлттық экономика ми­нистрлігі мен «Атамекен» депу­таттық корпусы бірлесіп, мем­лекеттік функцияларды бә­се­ке­лестік ортаға және өзін-өзі рет­­теу ұйымдарына беру жөнін­дегі іс-қимылдың жыл сайын жүр­гізілетін кезеңдік бағдарламасын әзірледі. Бағдарлама бойынша мемле­кеттік органдар тұрақты не­гізде әлеу­меттік-экономикалық қажеттілікті ес­кере отырып, әр­түрлі жолдармен мем­лекеттің бір­қатар функцияларды бә­се­­келес ортаға беру мүмкіндігін туды­рады. Бұл ретте ұйымдардың қамту ауқымы, ықтимал өнім берушілердің мүддесі мен ре­сурстық мүмкіндіктері және функцияларды іске асырудың техникалық шарттары негізге алынады.

Негізгі функциялары ғана сақ­талған кәсіби мемлекетті қалыптастыру – бұрынырақ қа­был­­­данған Қазақстанның 2030 жыл­ға дейінгі даму стра­тегия­сында белгіле­ген негізгі ба­сым­дықтың бірі. Дәл осы­ған бай­ланысты, «Өзін-өзі рет­­теу туралы» Қазақстан Рес­публи­ка­сының база­лық заңы қа­былданды, оған сәйкес биз­несті өзін-өзі рет­теу­дің және эко­номиканы қайта рет­теу­­дің негізгі қа­ғидаты айқындалды. Осы са­лаға мем­ле­кет араласпай-ақ табыс­ты жұмыс істей­тін және өзін өзі рет­тей­тін жағдай жа­салса, бұл – «мемле­кет-бизнес» сим­био­зы­ның табыс­ты көр­сеткіші бола­тыны даусыз.

Бүгінгі таңда өзін-өзі реттеу АҚШ, Ұлыбритания, Австралия секілді көпте­ген алдыңғы қатарлы елдер ұстанып отырған реттеу саясатының тұрақты үлгісі екенін айта кету керек. Сондай-ақ ол іс жүзіндегі шаруашылық өмірдің барлық салаларын қамтиды.

Өзін-өзі реттеу мемлекеттік рет­теу сапасын арттыруға бағыт­талған, стандарттау арқылы сала­ны дамытудың өзекті міндет­терін орындау бойынша нарық субъек­тілерінің дербес қызметін қам­тамасыз етеді. Өзін-өзі реттеудің өзек­­тілігіне тоқтала отырып, аталған рет­­теуші құралдың негізгі ар­тықшы­­­­лы­ғы­на қатысты бірнеше ерек­ше­лікті айта кету­ге болады. Осы ерекше экономикалық инсти­тутты ен­гізу мемлекет үшін басы артық функ­ция­ларды қыс­қарту, мемлекеттік аппа­ратты оңтай­лан­дыру үшін тиім­ді мүмкіндік. Түптеп келгенде, бұл страте­гия­лық функцияларды жүзеге асыруды шоғырландыру тәсілі. Со­ны­мен қатар осы сала қызметін рет­теуге арналған шығындарды азайтуға ықпал етеді. Бірқатар «рұқсат беру» құжаттары жойылады. На­рық­қа кә­сі­би қатысушыларды араластыру функ­циялары кәсіп­керлік субъек­ті­леріне беріледі. Осы арқылы бизнеске әкімшілік қысым азаяды.


Өзін-өзі реттей білу – тұрақты кә­­сіп­керлік ортаның маңызды белгі­сі. Ең алдымен, мемлекет на­рық су­бъек­­тілеріне емес, өзін-өзі реттейтін ұйымдарға бақы­лауды жүзеге асыруы тиіс. 


Мемлекет нарыққа қатысу­шы­­лар­­­­ға емес, өздеріне қатысты негіз­гі ба­қы­лауды өздері атқаратын ұйым­дар­ды қадағалау мүмкіндігіне ие бо­ла­ды, яғни мемлекеттік органдар ба­сы артық бақылау қызметінен құты­ла­ды. Нарық субъектілеріне өзін-өзі рет­теу­­ді енгізудегі тиісті талаптар заң­на­­­ма та­лаптарымен салыстырғанда қа­­таң­­­датылуы мүмкін. Бизнес тұр­ғы­­сы­нан алғанда, өзін-өзі реттеу – са­ла­ны өз бетімен реттеу құралы бол­мақ. Сонымен бірге бұл өзгермелі эко­номикалық жағдайға икемді үйлесу мен бейімделудің мүмкіндігі болмақ.

Өзін-өзі реттейтін ұйым мү­ше­лік ұйымның шынайы активіне, өз ке­зе­гін­де тауарлық белгісіне айналып, ұйым­ның беделіне де елеулі ықпал ете­тінін ұмытпаған жөн. Осы арқылы тұтыну­шылар өзін-өзі реттейтін ұйымның қыз­­­мет сапасы қалай екенін оңай біле ала­ды. Жалпы, өзін-өзі рет­теуді енгізу кәсіби қызмет стан­дарттарының жоғары деңгейге көтерілуіне зор қолдау болады. Бұл нарықтағы еркін бәсекелестік пен бизнестің бәсекеге қабілет­тілігін арттыру бойынша алғы­шарт­тар жасай­ды. Өзін-өзі реттеу инс­титутының жан-жақты дамуы кә­сіп­керлік субъектілеріне жаса­латын әкімшілік ықпалдың төмен­деуіне дем береді.

Өзін-өзі реттей білу – тұрақты кә­­сіп­керлік ортаның маңызды белгі­сі. Ең алдымен, мемлекет на­рық су­бъек­­тілеріне емес, өзін-өзі реттейтін ұйымдарды бақы­лауды жүзеге асыруы тиіс. Бақы­лаудың бұл моделі «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасы заңында бекітілген (2016 жылдың мамы­рынан бастап қолданысқа енгізілді), оған сәйкес мемлекеттік органдар өзін-өзі реттейтін ұйымдарды (ӨРҰ), ал ӨРҰ-ы өз мүшелерін бақылайды. Осы­лайша, өзін-өзі реттеуді енгізу кә­сіпкерлерге қатысты бақылау-қадағалау функцияларының санын қысқартуды ғана емес, оларды іске асыру кезіндегі тексерулер санын азайтуды, әкімшілік ықпалын төмендетуді көздейді.

Бұл орайда, өзін-өзі реттеу енгізі­летін салаларда әкімшілік ықпалға ие, бірақ жеделдігі үшін қажет мемлекеттік бақылау бо­латынын атап өту қажет. Ха­лықаралық тәжірибе ӨРҰ-ның өз мүше­леріне қатысты бақылауы мем­­лекеттік бақылаудан әлдеқай­да тиім­­дірек, ал әлдебір тәртіп бұзушы үшін материалдық және беделдік әсер ету шаралары әкім­шілік айыппұл төле­геннен гөрі ауыр екенін растайды.

Мемлекеттік функцияларды бәсе­келес ортаға беру туралы қабылданған заң мемлекеттік функцияларды бәсе­келес ор­таға беру жөніндегі базалық тәсіл­ді көздейді. Мемлекеттік функ­цияларды бәсекелес ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру жөніндегі реформаға қатысу үшін барлық мүдделі тұлғаларды хабардар ету және оларды атал­ған шараға тарту жөнінде кең ау­­­қымды ақпараттық науқан өт­кізу қа­жет. Демек, еліміздегі мем­ле­кет­тік функ­цияларды беру жөнін­дегі ре­фор­­ма жаңа деңгейде экономикалық қа­тынастарды дамытудың ажырамас элементі болатынын, онда мемлекеттік және жеке мүдделердің арасал­мағы не­ғұрлым айқын және анық көрініс та­батынын айтуы­мыз ке­рек. Бұл келе­шек­те экономи­ка­мыздың, тіпті еліміздің өркендеуін жеделдететін реформаға айналары сөзсіз.

 

Айзада ҚҰРМАНОВА,
Мәжіліс депутаты