Жеке пікір, ой түйін, ашық әңгіме, сұрақ-жауап форматындағы ақпараттар топтамасы.
Анимация, мультипликация – идеология құралы. Технологиясы дамыған әлемнің озық алпауыт мемлекеттері дәл осы шығармашылық саланы ой жеткізуші, ұлттық болмысты насихаттаушы құрал ретінде қолға алғаны қашан?!
Өткен жылдың қыркүйегінен бастап Мәжілістің жұмыс тобы Қазақстан Республикасының жаңа Бюджет кодексін әзірлеп, ондағы айтулы мәселелер турасында түрлі талқылау өткізген болатын.
Пластикалық хирургия – әлемде қай кезде де өзектілігін жоғалтпаған сала.
Соңғы уақытта қарқынды дамып келе жатқан құрылыс саласында соны өзгерістер орын алмақ. Атап айтқанда, жылдар бойы үлескерлік арқылы баспаналы боламыз деген талай қазақтың жанайқайы алдағы уақытта өз шешімін табады.
Абай ілімін зерттеп, сөзжұмбақ құрап жүрген Қалибек Алтыбаев ақсақал бес-алты кітабын құшақтап, редакцияға арнайы келіпті. Бұл кісінің таңдаған жолы да, бағыты да қызық: алпыс жыл бір жанрдан ауытқыған емес.
Асылында адамзаттың Жер бетінде үлгілі тіршілік кешу бақыты оның осы ғалам хикметтерін барынша терең сезген шағында орнаса керек.
Тұнық жырдың қайнарындай, ар-намыстың қайрағындай болған Фариза Оңғарсынованың поэзиясы миллиондардың жүрегін жаулағаны рас. Қазақ әдебиетіне ол бөлек жыр боп енді.
Биыл қазақ театр сахнасында қайталанбас рөлдері арқылы көрермен жүрегінен орын таба білген актер, сәулелі ғұмырын театр мен кино саласына арнаған өнер майталманы Сағызбай Қарабалин жетпістің белесіне шықты.
Сарапшы 1917-1920 жылдардағы Алаш қайраткерлері күресінің арқасында қайтадан мемлекеттік іргетасымызды белгілей алғанымызды айтады.
Сәт Тоқпақбаев – ел егемендігін алған алғашқы жылдары Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Президент Күзет қызметінің бастығы, Республикалық ұлан қолбасшысы, Қорғаныс министрі, Парламент депутаты қызметтерін абыройлы атқарған азамат.
Белгілі ғалым, геология-минералогия ғылымының докторы, профессор, Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Әділхан Байбатшаға геология ғылымы туралы, жер қыртысын зерттеу мәселелері жайлы сауал қойған едік.
Ғарыш саласы – жаңа технологиялардың болашағы, аталған бағытта терең ізденіс пен ғылыми зерттеу жұмыстарының ұдайы жүргізіліп отыруы әркез өзекті.
Әлеуметтік желі – мыңдаған шақырымдарды бір-бірімен байланыстырған ауқымды коммуникация құралы. Қазір күллі жаһанды жаулаған әлеуметтік желінің әлеуеті көптің пайдасына жарап тұр.
Америкалық профессор Майкл Браун Қазақстанға алғаш рет 2012 жылы Вайоминг университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті арасында өзара ынтымақтастық келісімшарт жасау үшін келген.
Кітапхана – қоғамның рухани темірқазығы. Еліміздің алпауыт мемлекеттермен терезесі теңесуде аталған саланың рөлі айтарлықтай маңызды күшке ие.
Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша 6 қазанда атом электр станcасын салу жөнінде референдум өтеді. Халық қолдаған жағдайда АЭС-ті Балқаш маңындағы Үлкен ауылына салу мәселесі қазірдің өзінде талқыланып жатқаны белгілі.
Қазақстан үшін АЭС салудағы маңызды фактор – қауіпсіздік. Халық та алдымен атом қуатын энергия көзі ретінде пайдаланудың экономикалық және экологиялық тиімділігі қандай деген сұрақтарға қызығушылық танытып отырғаны жасырын емес.
Оның «Менің үкім» әңгімесі қазақ әдебиетіне бастаған алғашқы қадамы еді. Жазушы осы бір тырнақалды туындысын 6-сыныпта оқып жүргенде жазыпты.
Келесі жылы барша қазақстандықтар Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеді. Бұл соғыс қазақ халқының ерлігі мен қаһармандығын бүкіл әлемге паш етті.
Биыл қазақ поэзиясының белді өкілі, бірнеше жыр жинағының авторы, ұлт тәрбиесінің жанашыры, «Ақжайықтың ақ шағаласы» атанған қазақтың ақын қызы Ақұштап Бақтыгереева 80 жасқа толды.
АЭС салу туралы сөз болғанда, халық арасында оның қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылық бар екенін аңғаруға болады. Алайда жасыл энергияға ұмтылған елдер үшін атом ең тиімді әрі тұрақты энергия көзі саналады.
Қазақстанда АЭС салу керек пе? Бұл сұрақ бүгінде ел аузында, қоғам талқысында. Президент Жарлығына сәйкес шешімді референдум арқылы халық айтады.
Жаңа оқу жылы басталды. Еліміздегі жоғары оқу орындарына ондаған мың студент оқуға түсті. Соның ішінде биыл 280 талапкер Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын таңдап, музыка өнерін меңгеруге бел буды.
Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында экономиканың дамуына дем беретін өзекті мәселелерге тоқталып өтті.
Париж төрінде өткен биылғы Жазғы Олимпиада ойындарында әлемнің әр бұрышынан келген мықтылар ішінен қазақстандық спортшылар да үздіктер қатарынан көрінді.
Қазақ «білмеген жердің ой-шұқыры көп» дейді. Атом энергетикасына байланысты да бұқараның көрген-білгенінен, білмейтіні көп болса керек. Өйткені АЭС салу экономикалық тұрғыда тиімді, энергетикалық тәуелсіздікке бастайтын жоба болғанымен, бұқараның көкейі...
Белгілі журналист Гүлбану Әниятқызы Әнарудың әкесі Қалдыбек Құрманәлімен сөйлесіп, оқиғаның мән-жайын сұраған.
Қауіпсіздікті сақтау мен елдің қорғаныс қабілетін арттыру Қазақстан үшін бірінші кезектегі мәселелердің қатарында тұратыны сөзсіз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та жыл сайынғы жолдауларында бұл мәселеге тоқталмай өткен емес.
Кей адамның еңбек жолын жүзіне қарап оқуға болады. Мейірім мен қанағат тұнған жанарды алыстан танитынымыз да содан.
Биыл түрік халықтары тарихында ерекше із қалдырған екі еңбектің жазылғанына мың жылға жуық уақыт болыпты. Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрк» дейтін сөздігінің жазылғанына 950 жыл толса, Жүсіп Баласағұн «Құтадғу білік» атты еңбегін 955 жыл бұрын ж...
Қазақ кескіндеме, сурет өнерінің негізін қалаған Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл толып отыр.
Қоғамның біріктіруші күші – патриотизм. Адам патриот болып тумайды, патриот болып қалыптасады. Патриоттық сезім ел болашағының тізгінін ұстайтын жас ұрпаққа сапалы білім арқылы беріледі. «Патриот болу» ұғымына әркім өзінше анықтама береді. Ал тыныштық орн...
Елімізде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтардың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау кезеңі басталады. Ендеше, бұл бастаманың болашағы қандай? Табысты жаппай жариялау санатына кімдер жатады? Табысын жасырып қалғандар қалай жазаланады? Осы...
Бала психологиясы, бала құқығы – қай кезеңде болмасын әлемде маңызын жоймайтын өзекті мәселелер қатарынан түскен емес. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша жыл сайын әлемде 2-17 жас аралығындағы 1 миллиардқа жуық бала физикалық, жыныст...
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Денсаулық сақтау министрлігінің онкологиялық ауруларды емдеуге бөлінетін қаражатты қысқартқанын сынға алып, жаман аурудан жыл сайын 13 мың адам қайтыс болатынын, науқастарды ерте анықтау деңгейі, өкінішке қарай, өте тө...
Қазақстанның мерекелік күнтізбесі тағы бір жаңа мерекемен толығып отыр. Енді жыл сайын 23 сәуірде Ұлттық кітап күнін атап өтетін боламыз.
Бүгінде елімізде ұлттық музыкалық аспабымызды дәріптеп, оны жастардың бойына сіңіру мақсатында арнайы мерекелік күн белгіленген. Жыл сайын шілденің алғашқы жексенбісінде Ұлттық домбыра күні атап өтіледі. Ұлттық құндылықтарымызды кеңінен насихаттап, жаһанғ...
Астана – ірі мегаполис. Үздіксіз дамып, өсіп-өркендеп келе жатқан қалада алдымен халық үшін қауіпсіз, қолайлы орта қалыптастыру – басты міндеттердің бірі. Астана Орталық Азияда Smart City кемел бағасын алған алғашқы қала. Ширек ғасырдан астам ғана уақыт а...
Жақында қазақ киносының қоржыны тағы бір олжамен толықты. Тарихи көріністі әспеттеген «Талақ» толықметражды фильмі Шанхай кинофестивалінде үздік деп танылып, 14 фильмнен озық шықты. Қазақ әдебиетіндегі шығармалар желісін арқау етіп, «Алтын кубок» иеленге...
Өткен аптада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Масс-медиа туралы» жаңа заңға қол қойды. Мемлекет басшысы қол қойған «Масс-медиа туралы» заң 60 күннен кейін күшіне енетін болады.
Театрды «тірі өнер» деп бағалайтынымыз рас. Кейде осы тірі өнердің өнімі – спектакльді саралап, талдап, оған қатысты түрлі пайымдар айтып талқыға салмайтынымыз да бар. Театр сыншысы – сахна өнерінің жанашыры.
Қазақтың танымал геолог-ғалымы Қаныш Сәтпаевтың 125 жылдығына арналған биылғы «Ұлы дала жорығы» республикалық марафон-бәйгесінің үшінші маусымы өз мәресіне жетті.
“Ұлы дала жорығының” жеңімпазы атанған Жетісу өңірінің команда жетекшісі Рүстем Досжановпен сұхбат.
Соңғы кезде еліміздің кейбір өңірлерінде «Жаһандық құзыреттілік» пәні аясында қаржылық сауат бойынша сабақтар өткізіліп жүр.
Қазір елімізде қолына қылқалам алып, тұрмыстағы, әлеуметтегі шындықты шығармасы арқылы жеткізіп жүрген суретшілер көп.
Экономист Расул Рысмамбетов елімізде күрделі өнеркәсіп ісін дамыту ғана межелі көрсеткіштерге жетуге мүмкіндік береді деген пікірде.
31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тоталитаризмнің бұл қырғыны халқымызға орасан зор қасірет әкелді. Тарихымыздың қайғылы кезеңдерін терең зерделеп, жазықсыз жапа шеккен боздақта...
Жақында Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымын сақтау және өсімін молайту мәселелері туралы заң жобасын мақұлдады.
Әбибаның қаруы – жылдамдық. Қарсыласы өзін-өзі жинап үлгергенше, қарсы шабуылға кірісіп кетеді. Әп-сәтте жасалған әдіске таңдай қақпайтыны кем де кем.
Қураған жас көшетті бір аптаға жуық уақыт ішінде бастапқы қалпына келтірсе, ауруға шалдыққан жануарды кеселден айықтырған отандық өнім туралы естіп пе едіңіз?