Алматы әуежайында рейстер кейінге шегерілді
Алматы әуежайында рейстер кейінге шегерілді
245
оқылды

«Қазақпарттың» хабарлауынша, Алматы әуежайында бірнеше рейс кейінге қалдырылды.

«Рейстердің кешігуіне әуе кемелерінің кеш келуі, әуежайлардағы қолайсыз ауа райы, әуежайға қосымша техникалық қызмет көрсету және авиакомпаниялар шешімдерінің өзгеруі себеп болуда», – деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Сонымен қатар ИКАО-ның ІІІ В санатына сәйкес сертификатталған Алматы әуежайы көріну шектеулері талаптарында лайнерлерге қызмет көрсетуге дайын, дегенмен осындай жағдайларда рейсті орындау үшін ұшақ экипажында ИКАО ІІІ В санаты болу керек.

Қазіргі уақытта Халықаралық Алматы әуежайындағы көріну 50/600 метр, тұманға қарамастан, ауа температурасы -1°, әуежай ешқандай шектеусіз қалыпты режимде жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта мына рейстер кешіктірілуде:

DV 729 Skat Алматы – Қостанай, 9 желтоқсан күні сағат 23-20-дағы рейс Қостанайдың ауа райына байланысты 10 желтоқсан сағат 12-35-ке ауыстырылды;

KS 895 "Эйр Астана", Алматы – Дубай, 7-40-дан 8-50-ге дейін кеш келу;

KS 301 "Эйр Астана", Алматы – Өскемен, 12-25-тен 16-35-ке дейін техникалық себептерге ауыстыру;

KC 153 "Эйр Астана", Алматы –  Санкт-Петербург, 8-15-тен 10-10-ға дейін; DV 725 Skat Алматы – Өскемен, 9-30-дан 10-30-ға дейін, Өскеменнің ауа райына байланысты.

Жолаушылар қосымша мәліметті алдын ала Халықаралық әуежайдың alaport.com веб-сайтынан алдын ала анықтап алғаны жөн.