WTA 500 турнирінде бақ сынаймыз
WTA 500 турнирінде бақ сынаймыз
5,129
оқылды

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) биыл алғаш рет ұйымдастырып отырған дода 5-13 қаңтар аралығында өтеді. Жарыстың жүлде қоры 565 530 АҚШ долларын құрайды.

Әбу-Дабидің негізгі турнирінде Қазақстанның атынан 4 теннисші сынға түседі. Ал Анна Данилина іріктеу сайысында қытайлық Ян Чжаосюаньмен күш сынасады. Егер ол іріктеу сайыстарынан өтсе, негізгі жарысқа жолдама алады. Қазақстанның бірінші, әлемнің он тоғызыншы, осы турнирдің алтыншы ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы айналымда іріктеу сайыстары жеңімпаздарының біреуімен кездеседі. Сондай-ақ Ярослава Шведованың да қарсыласы әзірге анықталмады.

Әлемнің жиырма сегізінші, осы турнирдің  он үшінші ракеткасы Юлия Путинцева италиялық Мартина Тревизанмен кортқа шығады. Мартина өткен жылы Ролан Гаррос турнирінде аса табысты өнер көрсетіп, соның нәтижесінде үздік жүздікке енді, қазір ол рейтингте 85-орында тұр.

Тағы бір отандасымыз Зарина Дияс бірінші айналымда әлемнің оты үшінші, турнирдің он жетінші ракеткасы, ресейлік Екатерина Александровамен шеберлік байқасады.

Айта кетейік, Әбу-Дабидегі негізгі турнир 6 қаңтар күні басталады.