Головкин-Мунгия жекпе-жегі өтеді
Головкин-Мунгия жекпе-жегі өтеді
157
оқылды
Қазақстандық боксшы Ген­надий  Головкин мен мекси­калық боксшы Хайме Мунгия ара­сындағы жекпе-жектің қашан өтетіні туралы ақпарат тарады. Golden Boy Promotions про­моутер­лік компаниясының негізін қалаушы Оскар Де Ла Хойя екі бокс­шы ара­сындағы кездесу бойынша келіссөздер жүріп жатқанын рас­тады. Про­моутердің айтуынша, жекпе-жек 5 мамырға белгіленіп отыр. «Головкин – Мунгия жекпе-жегі бо­йынша жұмыс істеп жатырмыз. Бұл жекпе-жектің көпшілікке қызық болатыны сөзсіз. Жұрт асыға күтетін қызық  кездесу», – деді про­моутер. Қазақстандық Геннадий Голов­киннің Камил Шереметамен жекпе-жегі 18 желтоқсанда Флорида штатында өткен еді. Головкин 21-рет титулдарын қорғап қалған болатын.