«Самұрық-Қазына» қорының қызметкерлері #BizBirgemiz челленджін қолдады
«Самұрық-Қазына» қорының қызметкерлері #BizBirgemiz челленджін қолдады
337
оқылды
Нұр-Сұлтанда жауған қалың қарды тазалауға «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ  мен Қорға қарасты портфельдік компаниялардың 200-ге жуық қызметкері де ат салысты. Осылайша, олар Қазнетте жарияланған  #BizBirgemiz (Біз Біргеміз) челленджін қолдайтындықтарын білдірді. Анығын айтқанда,  «Самұрық-Қазына» өкілдері  елордадағы Есіл ауданындағы орталық кеңесенің айналасын ақ ұлпадан аршыды. Айта кеткен жөн, өткен жұмадан бері жауып жатқан қардың шамадан тыс көп мөлшерде болуынан төтенше жағдай жарияланған еді. Сол себепті де, елорда тұрғындары коммуналдық қызмет мамандарына қолғабыс жасау үшін, қала көшелері мен аулаларын қардан тазалауға білек сыбана кірісті.  width=  width=  width=  width=