Әлем үздіктері рейтингінде Қазақстан клубтарының орны қандай
Әлем үздіктері рейтингінде Қазақстан клубтарының орны қандай
214
оқылды
Euroclubindex порталы Еуропаның үздік футбол клубтарының рейтингін жарияланды. Рейтингіні Чемпиондар лигасының жеңімпазы Германияның «Бавария» командасы бастап тұр. Одан кейінгі орындарда Англияның «Манчестер Сити» және «Ливерпуль» клубтары тұр. Үздік бестіктің ішінде Испанияның «Барселона» және «Реал» командалары жайғасқан. Қазақстандық клубтар арасында Алматының «Қайрат» клубы 234-орынға орналасса, елордалық «Астана» 243-орында тұр. Қазақстандық басқа клубтар келесідей орында тұр: «Ордабасы» - 361-інші орын, «Тобол» - 363, «Жетысу» - 435, «Шахтер» - 454, «Кайсар» - 470, «Тараз» - 509, «Кызыл-Жар СК» - 523, «Окжетпес» - 548, «Каспий» - 555-орын.